Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды
«Құмтөр» алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша Қырғызстанның бұрынғы бірінші вице-премьер Тайырбек Сарпашев қамауға алынды.
Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады. Комитет баспасөз орталығының хабарлауынша, күдікті канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы мен елдің жоғары лауазым иелерімен байланыс орнатып, канадалық компанияның мүддесі үшін қылмыстық әрекет жасаған.
Мемлекеттік комитеттің мәліметінше, қырғыз үкіметінде жауапты қызмет атқарған Тайырбек Сарпашев Centerra Gold Inc. компаниясының мүддесі үшін «Мұздықтар туралы» заң жобасының қабылдануына кедергі жасаған.
Арнайы қызмет экс-шенеунікті жемқорлық жасады деген күдікпен 17 маусымда ұстады. Бұған дейін де «Құмтөр» ісі бойынша бірнеше бұрынғы шенеунік, қазіргі және бұрынғы депутаттар ұсталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық