Қырғызстанның бұрынғы президенті Жээнбеков жауапқа тартылады
Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков бұрынғы вице-премьер Дуйшенбек Зилалиев ісі бойынша куә ретінде сотқа шақырылды. Бұл туралы Зилалиевтің адвокаты Талайгул Токтакунова айтты.
«Зилалиевті ұстаған кезде «Оптима Банк» жәшігінен миллион доллар тәркіленгені жөнінде видео желіде тараған. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті жүргізген тергеуде Зилалиев бұл ақша онікі емес екенін, Сооронбай Жээнбековтің сайлау кампаниясына қажет ақша екенін айтқан. Бірақ Жээнбеков ол кезде президент болғандықтан тергеуге шақырылмаған. Ал ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті ақша Зилалиевке тиесілі деп істі сотқа берген. Қазір бұрынғы президенттің кез келген азамат сияқты құқықтары мен міндеттері бар» деді адвокат.
Жээнбеков 3 ақпан күні сотқа баруы тиіс. Токтакунованың айтуынша, ол 28 қаңтарда шақыртылған, бірақ Жапаровтың инаугурациясына байланысты сотқа бара алмаған. Экс-президенттің өзі немесе адвокаттары оқиғаға түсініктеме бермеді.
Зилалиев 2018 жылы 9 желтоқсанда «заңсыз байыды» деген күдікпен ұсталған. Арнайы қызмет оның үйінен мен банк жәшігінен ақша тәркіленген видеоны таратып, жылжымайтын мүліктерінің суреттерін жариялаған. Ал Зилалиев бұған дейін өзіне тергеу огандары қысым жасап, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа қарсы куәлік беруге мәжбүрлегенін айтқан.
Бішкектің Первомай аудандық соты 2020 жылдың қазанында Зилалиевті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Қазір Бішкек соты оның апелляциялық шағымын қарап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық