Қырғызстандық қылмыскерді ұстаған адамға 5 млн сыйақы беріледі
Азаттық
АҚШ мемлекеттік департаменті Коля Киргиз деген лақап атпен танымал қырғызстандық қылмыскер Камчибек Көлбаевты тұтқындауға мүмкіндік беретін ақпарат үшін сыйақы өсетіндігін мәлімдеді.
Бұған дейін бұл сыйлық 1 миллион долларды құраған болатын. Осындай сыйақы Коля Киргиз басқаратын қылмыстық ұйымның қаржылық ағымын бұзуға мүмкіндік беретін ақпарат үшін уәде етілген.
2000 жылы Көлбаев қылмыстық ұйымдағы бастығын өлтіруге және басқаларды өлтіруге оқталғаны үшін 25 жылға сотталды. 6 жылын өтегеннен кейін ол түрмеден қашып кеткен. 2007 жылы Мемлекеттік департамент Коля Киргизді «елдегі ең ықпалды қылмыстық топтың жетекшісі» деп сипаттады. 2008 жылы оған Мәскеуде өткен жиында тәж кигізілді. 2011 жылы Обама әкімшілігі Көлбаев есірткі мафиясының бастығы деп танып, ал 2012 жылы ол туралы ақпарат үшін сыйақы жариялады.
2013 жылы Көлбаевқа Қырғызстанда бірнеше қылмыстар, оның ішінде бопсалау, адам ұрлау және қару мен есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар бойынша айып тағылды. Бірақ ол ақша бопсалағаны үшін үш жылға ғана сотталды.
2017 жылы Коля Киргизге АҚШ Қаржы министрлігі халықаралық қылмыстармен байланысы үшін санкция берді. Ол соңғы рет 2020 жылдың қазан айында Бішкекте ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікпен қамауға алынған. 2 наурыз, сейсенбіде қалалық сот Көлбаевтың бұлтартпау шарасын елден шықпау туралы қолхатқа өзгертті.
Жаңалықтар
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты!
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды
- Театр ардагері Бижамал Кемалова өмірден өтті
- Салық органдары кәсіпкерлерге қызметкерлердің жалақысын көтеруді жаппай талап ете бастады
- Алматыда биыл 105 лифт ауыстырылады