Қырғызстанның экс-президенттері Ақаев пен Бақиевқа іздеу жариялады
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Құмтөр кенішіндегі жемқорлық ісі бойынша елдің экс-президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бақиевқа іздеу жариялады. Бұл туралы 8 шілдеде комитет төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қырғызстанда Құмтөр ісі бойынша қылмыстық іс бірнеше кезеңге бөлініп, тергеліп жатыр. Ташиев Асқар Ақаев президент болып тұрған тұста канадалық компаниямен келісім-шарт жасасқанда заң бұзылғанын айтты. Бішкек ресми түрде Ақаевқа жемқорлық күдігімен іздеу жариялады.
Негізгі айып бойынша, 2003 жылы келісім-шарт жасасқанда канадалық компанияның Қырғызстандағы үлесі 25,7 пайызға төмендетіліп көрсетілген. Сондай-ақ, 2009 жылы елдің экс-президенті Құрманбек Бақиев пен оның ұлы Максим Бақиевқа іздеу жарияланған еді. Олар да жемқорлық күдігіне ілінген.
Елдің бұрынғы президенттері Ақаев пен Бақиев 2005 және 2010 жылғы революциядан кейін елден қашқан. Ақаев Мәскеуде, Бақиев Минскіде тұрып жатыр. Айта кетейік, екеуі де Қырғызстанда сырттай сотталған.
«Құмтөр» – Қырғызстанның ең ірі алтын кеніші, оны канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы игеріп жатыр, Қырғызстанның ондағы үлесі – 26 пайыз.
Қырғызстанның қазіргі билігі экс-президенттер, шенеуніктер жемқорлыққа барып, компаниямен тиімсіз келісім-шарттар жасасқан деп санайды. Қазір Қырғызстанда бұл іс бойынша бұрынғы премьерлер, депутаттар, министрлер күдікке ілінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық