Қырғызстан өз аумағында АҚШ әуе базасын орналастырмайды
Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров есеп беру жиынында мәлімдеді.
Ол Қырғызстан аумағындағы ресейлік база өз елі үшін жеткілікті екенін айтты.
– Біздің елде Кантта ресейлік база бар. Біз екі базаны орналастырып, ықпалды елдермен мысық пен тышқан ойнағымыз келмейді, - деді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.
Ол сондай-ақ республикадағы американдық әскери нысан 2014 жылы жұмысын тоқтатқанын атап өтті. АҚШ базасы Бішкек әуежайында 2001 жылдан болды, 2014 жылы базаны ел аумағында орналастыру туралы келісімнің күші жойылды.
Канттағы ресейлік авиабаза 2003 жылы ресми түрде ашылған, ол құрылымдық жағынан Ресей Федерациясының Орталық әскери округінің құрамына кіреді. Онда Су-25 шабуылдаушы ұшақтар мен тікұшақтар орналасқан.
Еске салсақ, 16 маусымда Женевада өткен саммит кезінде Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденге Ауғанстандағы жағдайды бақылау үшін Тәжікстан мен Қырғызстандағы ресейлік базаларды пайдалануды ұсынған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық