Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы депутатқа сес көрсетті
2 маусымда Жогорку Кенеш отырысында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев депутат Адахан Мадумаровке сес көрсетті.
Бұл туралы 24.kg хабарлайды.
Арнайы қызмет басшысының сөзінен кейін Адахан Мадумаров оған фракция жетекшісі ретінде жауап беруге 5 минут уақыт беруді сұрады. Спикер Талант Мамытов мәселені дауысқа салғанымен, әріптестері оны қолдамады.
— Енді қалай? Неге оның микрофоны үнемі қосылып тұрады?, — деп сұрады Адахан Мадумаров.
— Маған саусағыңызды шошайтпаңыз. Қолыңызды сындырамын, — деп қорқытты Камчыбек Ташиев.
— Мен саған көрсетемін!, — деп жауап берді депутат.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Ташиев депутат Адахан Мадумаровтың мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жатқанын айтты.
— Бізде оның туыстарымен бірге жаппай тәртіпсіздіктер мен төңкеріс жасамақ болғаны туралы жедел ақпарат бар. Елдегі билікті ешқашан өзгерте алмайсың. Мен сені мемелкеттік төңкеріс жасады деп түрмеге жабамын. Өткен жолы ала алмадым. Депутаттар рұқсат бермеді. Елді ойламайсыңдар, – деді Қамшыбек Ташиев.
— Сіздің қолыңыздан келмейді! Қолыңыздан келгенді ғана айтыңыз. Мен төңкеріс жасаймын деп қоршаудан секіріп өткен жоқпын. Сендер істедіңдер, сендер жауап бересіңдер, — деді Адахан Мадумаров.
— Өзің жауап бересің! — деп жауап қайтарды Ташиев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық