Қырғызстан денсаулық сақтау министрі: коронавирусты уқорғасынмен емдеуге болады
16 сәуір күнгі баспасөз жиынында журналистердің көзінше Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев уқорғасын тамырының тұнбасын ішті. Ол осындай сенсациялық жаңалықпен жұрт есінде қалатын министрлердің бірі болып қана қалмаса болғаны.
Бұл туралы Orda.kz. Қырғызстан БАҚ-ғы жарияланымдарға сілтеме жасап хабарлады.
Министр қазіргі президент Садыр Жапаровтың былтыр коронавирус індеті басталып жатқан шақта сол кездегі басшы Сооронбай Жээнбековке хат жазып, Ыстықкөл тамырының шипалы қасиеті жайлы айтқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сол кезде Жапаров аталған өсімдік тамыры коронавирусты да емдейтінін жазған екен.
Бейшеналиевтің сөзіне қарағанда, қазіргі президентке тамырды қалай қолдану керектігін әкесі үйретіпті.
— Ол маған бұны айтқан кезде мен министр емес, қарапайым дәрігер болатынмын. Тұнбаны туыстарыма беріп, сынақ жүргіздім, олардың жағдайы тәуірленді. Сосын Садыр Нұрғожаұлынан (Жапаров) бізге коронавирусты емдеуге көмектесуін сұрадым. Біздің жігіттер сол тамырды іздеп, жинап жатыр, осында дәрі жасаймыз. Ыстықкөл тамырын қайнатып, тұнбасын пациенттерге бердік. Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандар оны ішкеннен кейін бірден сауығып кетті. Ауыр түріне шалдыққандар тұнбаны бірнеше күн ішіп жүрді. Оны ыстықтай ішу керек, - деді министр.
Ол дозасын бір ғана Садыр Жапаров білетін осындай әдіспен жасалған дәріні шамамен 300 пациент қабылдап, емделіп шыққанын айтты. Бұдан соң министр тікелей эфирде шәйнектен сұйықтық құйып ішті. Министрдің айтуынша, ол Ыстықкөл тамырының тұнбасы.
Дегенмен сарапшылар аталған өсімдіктің өте улы екенін және оны тіпті дене сыртына да жағуға болмайтынын айтады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бейшеналиевтің мәлімдемесіне сақтықпен қарап, Aconítum soongáricum (Ыстықкөл тамыры немесе уқорғасын) дәрісінің коронавирус бойынша тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде мәліметтің жоғын айтады. ДДСҰ бұндай клиникалық сынақтан өтпеген препараттың тіркелмейтінін және халыққа пайдалануға ұсынылмайтынын да ескертті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық