Қырғызстан дәрігерлері қытайлық вакцина салдырғысы келмейді
Қырғызстандағы дәрігерлердің көбі ресейлік вакцина салдыртқысы келеді. Олар елге жеткізіліп үлгерген қытайлық вакцинаны салдырғылары келмейді. Қытайлық вакцинадан бас тартқандар мен оның себебі жөнінде толық мәлімет вакциналау басталғаннан кейін белгілі болады.
Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі, эпидемиолог-иммунолог Бурул Асыкбекова Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында айтқан.
— Ұлттық жоспарға сәйкес, біз кімге вакцина салынатынын анықтап алуымыз керек. Коронавируспен ауырып шыққан медиктер арасында бас тартып жатқандар көп. Қазір интернетте түрлі ақпарат шығып жатыр, соның бәрін оқиды. Көбі ресейлік вакцинаны салдыртқысы келеді, - деген Асыкбекова.
Қырғызстанда 29 наурыздана бастап тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастайды. Қырғызстанға қытайлық Sinopharm компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілген. Бұл 75 мың адамды вакциналауға жетеді.
Бірінші кезекте коронавирус жұққандарды емдейтін медицина қызметкерлері, жедел жәрдем қызметкерлері, сонымен бірге білім беру мекемелері және құқық қорғау орган өкілдеріне екпе салынады. Вакцина құжаттарын Қырғызстанның арнайы сарапшылар тобы әлі мақұлдамаған.
Қырғызстанда соңғы мәлімет бойынша, 87 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан. Елде күн сайын орташа есеппен 100 науқас тіркеледі. Індет басталғалы бері 1494 адам коронавирустан қайтыс болған. Былтыр наурыздан бері 4229 медицина қызметкеріне вирус жұққан, 4,1 мыңы жазылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық