Қырғыстан экс-президенті Алмазбек Атамбаевты азаптау фактісі ресми расталды
Фото: Ашық дереккөзден
Азаптаулардың алдын алу орталығы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты қорлау фактілерін растады. Бұл туралы ұйым аудит қорытындысы бойынша хабарлады.
24.kg агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық іс қаралған күні 23 наурызда Алмазбек Атамбаев денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатысудан жазбаша түрде бас тартқаны және бас тарту туралы жазбаша арызын басшының кезекші көмекшісіне тапсырғаны айтылған.
Алайда, бұған қарамастан мекеменің 10 қызметкері оған күш қолданып, сырт киімсіз және аяқ киімсіз көшеге шығарып, тәртіп сақшыларына тапсырған. Ал олар оны арнайы көлікке отырғызып, сотқа күштеп әкелген.
Ұлттық орталық қызметкерлері Алмазбек Атамбаевпен әңгімелесу кезінде оның аяғы мен қолынан көгерген жерлерді анықтады.
Кезекшінің көмекшісі бұрынғы мемлекет басшысының сотқа қатысудан бас тартқаны туралы жазбаша арызы мен №47 мекеме қызметкерлері жасаған акт қарауыл бастығына тапсырылғанын айтты.
Алмазбек Атамбаевтың жеке ісіндегі материалдарды зерделеу кезінде оның жазбаша арызы, сондай-ақ, №47 мекеме қызметкерлері жасаған акт табылмады. Ұлттық орталық қызметкерлерімен оның жоқтығы туралы акт жасалды.
ҰТҚП қызметкерлері сот отырысына шығарып салу кезінде бұрынғы президент отырған камераның кіреберісіне қарама-қарсы камералардан түсірілген бейнежазбаны көруді ұсынды. Алайда №47 мекеме қызметкерлері серверге кіру мүмкіндігінің жоқтығын алға тартып, бейнежазбаны қараудан бас тартты. Бұл ретте профилактикалық топ та тиісті акт жасады.
Жоғарыда аталған фактілер негізінде Ұлттық орталық тиісті органдарға үндеу жолдайды.
Еске салсақ, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таш ауылында болған тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық және ақша жымқыру. Жазда оған түрік азаматтарына заңсыз төлқұжат берген. Сондай-ақ, оған 2020 жылдың қазан айында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды.
Бұған дейін экс-президенттің адвокаты Атамбаевтың денсаулығының нашар екені медициналық сарапшылардың қорытындысымен расталғанын айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық