YouTube Қуат Ахметовтың «Til Maydani» арнасын жауып тастады

cover

Қуат Ахметовтың  Til Maydani YouTube арнасы бейнежазбалар платформасынан жоғалып кетті. Оны бұрынғыдай іздеу көмегімен таба аламайсыз.

Бұл жағдайға YouTube желісінің ішкі саясатын бір немесе бірнеше рет бұзу сбеп болуы да мүмкін. Аталған арна жазылушыларының жалпы саны 20 мыңға жуық.

Til Maydani YouTube арнасының негізін қалаушы Қуат Ахметов қоғамда резонанс туғызған «тілдік рейдтер» жүргізіп, бейнежазбаларын өз арнасында жариялап, салдарынан басы дауға қалған еді.

Ресей ІІМ осындай жазбаларға орай Қазақстан азаматы Қуат Ахметовке бейнежазбаларында  «ұлтаралық араздық»  тудырды деп есептеп, оны Ресей Федерациясына кіруге елу жылға тыйым салды. 

Осы тақырыпқа байланысты Orda.kz тілшісі белгілі заңгер Абзал Құспанмен сұхбаттасқан болатын. Заңгер Ресейдің Қазақстандағы мәселеге аласауын заңсыз деп атады.

Аталған арнадағы бейнежазбаларында Қуат Ахметов  дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары қызметкерлерінің өзіне және басқа азаматтарға мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеуіне байланысты дау-дамайды жариялап отыратын.

Бұған дейін, Ішкі істер министрлігі Ахметовтің бейнежазбаларын тексеретінін және «материалдардың мазмұны мен осы бейнеклиптерде пайда болған адамдардың әрекеттеріне процедуралық баға беретінін»  хабарлады. Артынша Ахметов 145 850 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Тамыздың соңғы күндері әкімшілік жазадан қорыққан Қуат Ахметов Грузияға бас сауғалауға мәжбүр болды.

Кейіннен оның Грузиядан емес, Киевтен табылғаны мәлім болды.

Тақырыпқа байланысты Алматыда ресейлік саясаткер Владимир Жириновский мен «Тіл майданы» жобасының авторы Қуат Ахметов бейнеленген мурал да әр жерде бір ілініп, жоқ болып кетіп отырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар