Қымбатшылық: 2022 жылы баспана бағасы аспандап барады
Krisha.kz сарапшылары Қазақстан қалаларының бір жылдағы тұрғын үй бағасының өсуі бойынша рейтингін жасады.
Бірінші орында 41%-ға қымбаттаған Ақтау тізім көшін бастайды. Бір жыл бұрын 7-8 миллионға сатып алуға болатын пәтер қазір 11-ге көтерілген.
Екінші және үшінші орындарда Ақтөбе (+35%) мен Қызылорда (+34%). Бір бөлмелі пәтер 2-2,5 миллионға қымбаттаған.
Алматы төртінші орында (+33,7%). Бір бөлмелі пәтерлер 17 миллионнан 23 миллионға, екі бөлмелі пәтерлер 24 миллионнан 32 миллионға, үш бөлмелі 31 миллионнан 41 миллионға қымбаттады.
Бесінші орында Қостанай (+32,3%), 10 миллион теңгелік пәтерлер қазір шамамен 13 миллион теңге тұрады.
Нұр-Сұлтан рейтингтің ортасында. Баға бір жылда төрттен бір есе өсті. Бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы 13,5 миллион болса, қазір 17 миллионға жуықтады.
Екі бөлмелі пәтерлер 20-21 миллионнан 25 миллионға, үш бөлмелілер 33 миллионнан 36 миллионға дейін қымбаттады.
15-16% аралығындағы ең аз өсім Петропавл және Көкшетау қалаларында орын алды.
Қаңтар айында бағалар қалай өзгерді:
Бағаның өсуі жалғасуда. Соңғы бір айда Қазақстанда баспана орташа есеппен 3 пайызға қымбаттады.
Ең жоғарғы өсім Ақтауда: +7,1%, Шымкент, Павлодар және Ақтөбеде – 3,6-дан 4,5%-ға дейін.
Ең азы Көкшетау, Қарағанды және Петропавлда (1,4-тен 1,7%-ға дейін).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық