Қылмысты жасаған полицейлер қатаң жазаларын алуы керек – депутат
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде ереуілге шыққан халық туралы пікір білдіріп, жазықсыз тұтқындалғандар туралы өз ойын айтты.
Депутаттың пікірінше, полицейлер тарапынан да түрлі заң бұзушылықтар орын алған. Тіпті, азаптаулардан өліп кеткендер туралы ақпарат бар екенін айтты.
– Жаңаөзенде басталып, жалпы елді қамтыған ереуілде көшеге шыққан халық бейбіт шеруге ел қамы үшін шықты. Кейін Алматыдан бастап, көп қалаларда бейбіт шерушілерге күмәнді топтар қосылып кетіп, арты қанды бүлікке айналды. Ал енді ереуілге шыққандары үшін ғана жастарымыз жазықсыз тұтқындалып, соққыға жығылып, азапталып жатқандары туралы көптеген нақты мәліметтер мен видеолар келуде. Әлеуметтік желілерде де жиі жазылуда. Арасында осындай түрмеде азаптаулардан өліп кеткендер туралы да ақпараттар бар! Өткенде жазғанымыздай, біздің «шаш ал десе, бас алатын» полицейлер ереуілшілерді заң бұзбауға шақырған заңгер, әділдік үшін күрескен әйгілі сот істерімен белгілі адвокат Абзал Құспанның өзін де бес күн отырғызып қойғасын, қарапайым халықты қалағанынша түрмеге тоғытқаны анық болып.
– Тіпті, олардың ішінде митингіге қатыспай-ақ, ауруханада өз жарақатымен жатқандарды тұтқындап алып кетіп, түрмеде азаптау қандай заңға, қандай адамдыққа жатады? Мысалы, бізге келген видео-мәліметте шалғайдағы Шардарадан Алматыға жұмыс іздеп барып, үй жөндеумен айналысып жүрген Сүндет Тоғайбайұлы Түрікпенбай қаңтардың 5-і күні түстен кейін Төле би -Байтұрсынұлы көшелеріндегі поликлиникада дәрігерге қаралып, анализдерін алып, үйіне бара жатқанда аяғына оқ тиеді. Қансырап жатқан ол № 12 ауруханаға жеткізіліледі. Оны осында емделіп жатқан жерінен 8-ші қаңтар күні түрмеге алып кеткен. «Алаңда болдым деп мойында» деп, ұрып-соққан. Ешқандай митингіге қатыспаған, ауруханада жатқан менің балам СИЗО-18 түрмесінде неге жатыр? -деп, көз жасын көл етіп еңіреп, қайта-қайта талып қалып жатқан анасының видеосын көргенде шыдап тұру мүмкін емес! Әке-шешесі жалғыз сиырын сатып адвокат жалдап Алматыда жүр енді, - деп жазды депутат Facebook парақшасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық