Қылмыстық топ Атыраудағы төлем жүйесінен 11 млн теңге жымқырған
Атырау облысы полиция департаменті криминалды полиция басқармасы қызметкерлері өңірде ірі көлемде қаражат жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.
Бұл туралы Orda.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеп хабарлады.
Мекеменің қауіпсіздік қызметкері полиция қызметкерлеріне хабарлама берген. Тәртіп сақшылары дереу жедел тексеру ұйымдастырып, нәтижесінде қылмыскерлердің аталған мекемеде бұрын қызмет атқарғандарын анықтады.
Олардың бірі осы күнге дейін сол жерде жұмыс істеп, мәліметтермен бөлісіп отырған. Тінту кезінде 31 жастағы ер адамның үйінен алты төлем терминалы, компьютерлер мен қосымша құрылғылар табылып, тәркіленді. Қылмыскерлердің бірі төлем жүйесіне кіру парольдерін тауып беріп отырған, ал біреуі ұрланған ақшаларды өзара бөлумен айналысқан.
— 2021 жылдың 21 наурызынан бастап шілденің 4-іне дейінгі уақытта белгісіз тұлғалар төлем жүйесіне заңсыз қол жеткізу жолымен 11 170 000 теңге ұрлаған, – дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Алты адамдық топ қылмыстық әрекеттерін үш ай бойы іске асырып келген. Қазіргі уақытта 26-31 жас аралығындағы 6 күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер кінәларын толықтай мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық