Қылмыстық қудалаудан қорықпай Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізуге болады

cover

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізбеу туралы бабы күшін жоятыны айтылды. Енді оны Қылмыстық кодекстің 373 бабынан қарауға болады.

Бұл туралы журналистерге сұхбат берген әділет министрі Қанат Мусин айтты.

Бапта «Тұңғыш президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде тіл тигізу және өзге де қол сұғушылық, оның бейнесін қорлау, Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау» үшін жаза қарастырылған.

Бұрынғы бап бойынша Нұрсұлтан Назарбаев басқа қылмыстары үшін емес, тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін еді.

«Енді экс-президентке қатысты іс қозғап, оны жауапқа тартуға бола ма?» деген сұраққа қысқаша «жоқ» деген жауап келді.

Журналистердің бірі бұл Назарбаевтар отбасына, мысалы, қыздарына немесе күйеу балаларына қатысты ма деп сұрады.

– Мен оны айта алмаймын. Конституция тек президентке ғана қатысты, норма олардың әйелдері мен отбасы мүшелеріне қатысты емес. [Олар] бірінші президент туралы заң бойынша қорғалмаған,  – деді Мусин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар