Қылмыскерлерге рақымшылық беру елдегі тыныштықты бұзбай ма? - депутат сауалы
Мәжілісте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық елдегі қылмыстың өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Бұл сұрақты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Әмірхан Рахымжанов көтерді.
– Рақымшылық Қазақстандағы қылмыстың өсуіне қалай әсер етеді деген қоғамдағы белгілі бір үрейлерге назар аудармауға болмайды. Айтыңызшы, рақымшылық бойынша сотталғандардың босатылуы қылмыс деңгейінің артуына әкеп соқтырмай ма? Бостандыққа шыққандар тағы да заң бұзбай ма? Осы бағытта полиция тарапынан қандай шаралар жоспарлануда? - деп сауал қойды депутат.
Ерлан Тұрғымбаев ауырлығы орташа және аса ауыр емес қылмыстар үшін сотталғандар рақымшылыққа ілінетінін айтты.
– Бостандыққа шыққаннан кейін бізде пробация қызметі, учаскелік полиция қызметкерлері - бұл адамдардың барлығы профилактикадан өтеді. Екіншіден, олар жұмыс табады. Құқықбұзушылық болса, заңда нормалар қарастырылған, олар, әрине, жауапқа тартылады, - деп түйіндеді министр.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық кімге түсетінін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық