Үкіметтің жаңа құрамы: кімдер қызметінен кетті, кімдер орнында қалды
primeminister.kz
Президент Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын жаңа министрлер кабинетін тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.
Ғалымжан Қойшыбаев министрлер кабинеті аппаратының басшысы болды.
Мұрат Нұртілеу, Ғалымжан Қойшыбаев, Серік Жұманғарин, Тамара Дүйсенова, Нұрлан Байбазаровтар да премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сыртқы істер министрі – Мұрат Нұртілеу;
Қорғаныс министрі – Руслан Жақсылықов;
Ішкі істер министрі – Ержан Сәденов.
Қаржы министрі – Мәди Тәкиев. Бұған дейін бұл қызметті Ерұлан Жамаубаев атқарды.
Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Балаева;
Ауыл шаруашылығы министрі – Айдарбек Сапаров;
Әділет министрі – Азамат Есқараев;
Энергетика министрі – Алмасадам Сәтқалиев;
Ғылым және жоғары білім министрі – Саясат Нұрбек;
Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназарова. Ол Ажар Ғинияттің орнына келді;
Сауда және интеграция министрі – Арман Шаққалиев;
Көлік министрі – Марат Қарабаев;
Оқу-ағарту министрі – Ғани Бейсембаев;
Төтенше жағдайлар министрі – Шыңғыс Әрінов. Сырым Шәріпханов қызметінен кетті.
Ұлттық экономика министрі – Нұрлан Байбазаров. Бұған дейін бұл лауазымды Әлібек Қуантыров атқарған еді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – Бағдат Мусин;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Светлана Жақыпова;
Туризм және спорт министрі – Ермек Маржықпаев;
Су ресурстары және ирригация министрі – Нұржан Нұржігітов;
Өнеркісіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев;
Экология және табиғи ресурстар министрі – Ерлан Нысанбаев.

Айта кетейік, үкіметтің жаңа құрамында 45 жасқа дейінгі алты министр – Бектеновтің өзі, Әрінов, Мусин, Шарлапаев, Қарабаев, Нұрбек бар. Жаңа үкіметтің орташа жасы – 48 жас.
Қорытынды: үкіметтің дәл қазір 26 мүшесі бар. Оның 16%-ы жаңарды. Құрылым өзгерген жоқ. Премьер-министрдің алтауы да орнында қалды. Үкіметтегі әйелдер саны – 16%. Генералдар қатары артты: генерал-полковник – Жақсылықов, генерал-лейтенанттар – Бектенов, Сәденов, генерал-майор – Әрінов. Генерал-майор Шәріпханов кетті.
5 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов басқарған үкіметтің қызметін тоқтатты. Ал келесі күні Amanat партиясының фракциясы бұл қызметке Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Олжас Бектенов президент әкімшілігін 2023 жылғы сәуірден бастап басқарды. 2016 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істеген. Ол бұл ведомствоға Қаңтар оқиғасынан кейін, бір айдан соң келді.
Ол төрағалық еткен уақытта Қайрат Сатыбалдыға, Қайрат Боранбаевқа, «ӨКМ Операторы» ЖШС құрылтайшысына және тағы басқаларға қатысты атышулы сот істері жүргізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық