Үкіметтегі галстуксіз жиын ШҚО дамуына арналды
Сурет : ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Марқакөл және Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіруді тапсырды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Марқакөл және Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz.
«Мүдделі мемлекеттік органдарға Марқакөл және Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдікпен бірлесіп, барлық тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет», - деді Премьер-Министр кездесуде.
Жиынға қатысушылар «Алтай» көтерме сауда орталығын, Риддер қаласындағы емханасы бар көпсалалы аурухана кешенін салу мәселелерін де талқылады.
Отырыста Қандысу және Үйдене су қоймаларын, сондай-ақ облыстағы суармалы жерлердегі шаруашылық аралық және шаруашылық ішілік каналдарды қалпына келтіру мәселелері бөлек талқыланды.
Сондай-ақ Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол инфрақұрылымын туристік нысандармен байланыстыру мәселелері қаралды» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тау-кен металлургия кешеніне инвесторлар тарту, жұмыс істеп тұрған су электр станцияларын жетілдіру және жаңа шағын станциялар салу, жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстары барысын бақылауды қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.
Әлихан Смайылов жалпы республикаға көптеген су қоймаларын қайта жаңғырту қажет екенін, сондықтан бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізу керектігін атап өтті.
Жаңалықтар
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды