«Үкімет мақұлдады»: АЭС-тің референдум жобасы Тоқаевқа қол қоюға жіберілді
Коллаж Orda.kz
АЭС-тің референдум жобасы Тоқаевқа қол қоюға жіберілді. Қазақстанда АЭС-ті екі өңірде, Абай облысындағы Курчатов қаласына жақын жерге және Алматы облысының Балқаш маңындағы Үлкен ауылына жақын жерге салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
АЭС-тің референдум жобасы Тоқаевқа қол қоюға жіберілді. Бүгінгі үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев премьер-министрге АЭС салу жайлы жобаны президент қарауына енгізуді сұрады.
«Құрметті Олжас Абайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және «Республикалық референдумды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын.
Референдум арқылы Қазақстан азаматтары тұрақты, тиімді және көміртексіз энергия көзіне негізделген еліміздің болашағы туралы шешім қабылдай алады. Қолдауыңызды сұраймын!», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін өңір-өңірде талқыланып, ашық жиындар өтіп келді. Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері Алматыдағы дауға толы болған жиынға да, артынша Астанада өткен ашық жиынға да қатысып қайтқан болатын.
Жаңалықтар
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті