Үкімет бюджеттегі триллион теңге тапшылығын қалай өтемек?
Фото: Orda.kz
Үкімет Қазақстан бюджетіндегі триллион теңгелік «тесікті» салық есебінен жабуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.
«Нарықтың өзгеруі, импорт пен экспортқа байланысты қиындықтар, сонымен қатар металл бағасының төмендеуі бюджетке әсер етті. Биыл біз шамамен 1 триллион теңге көлемінде қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтардық, оның ішінде 590 миллиард теңге өткен жылдағы қарыздарды жабуға кетті. ҚҚС-ты қайтармай кәсіпорындар жұмысын жалғастыра алмайды, бұл олардың айналым капиталына тікелей әсер етеді және іскерлік белсенділікті қолдайды. Яғни, бұл біздің экономикаға құйылған триллион теңгенің маңыздылығын көрсетеді», – деді Байбазаров.
Министрдің айтуынша, үкімет салықтық әкімшілендіруді күшейтіп, цифрландыруды қолдана отырып, бюджет тапшылығын жоюды көздеп отыр.
«Биыл салықтық әкімшілендіру арқылы қосымша 900 миллиард теңге табыс табамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл ҚҚС өтеуге жұмсалған шығындарды жабуға жеткілікті болады», – деді ол.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты