«Үйіне рұқсатсыз кірген»: 58 жастағы әйелді ауылдасы ұрып, зорламақ болды
Фото: freepik.com
14 қаңтарда «Не молчи» қорына 58 жастағы әйелдің қызы көмек сұрап келген, деп хабарлайды Orda.kz.
Былтыр 25 қазан күні қыздың анасы ұйықтап жатқан кезде, үйге бөтен ер адам кіріп, оны ұрып-соққан. Әйелді ер адам көк ала қойдай етіп сабаған, кейін зорлауға тырысқан. Қызының айтуынша, әйелдің денесінде көгермеген жер қалмапты. Таңертең оны көршісі байқап, жедел жәрдем шақырған.
Ауруханаға полиция қызметкерлері де келген. Бірақ олар әйелден сұрақ-жауап алып, арыз жазбапты. Ал аурухана аз уақыт ішінде әйелді шығарып жіберген. Қызы қараша айында жекеменшік ауруханаға жатқызып, анасын емдеткен.
58 жастағы әйелді ұрып-соққан күдікті 26 қазан күні үйге қайта келіп, қылмыс жасаған ол емес екенін айтып ақталған. Бірақ әйелдің қызы сенбегеннен кейін, оған ақша ұсынған. Қыз прокуратураға жүгінді. Ол ер адамның әлі күнге дейін ұсталмағанын, бір күн де қамалмағанын айтады.
10 қаңтарда тергеу мерзімі тоқтатылған. Бірақ 58 жастағы әйел мен оның қызы бұл туралы білмеген. Күдікті бостандықта жүр. Тергеу болса 3 айға созылып, тоқтап қалды. Ал қызы анасын өзінің үйіне алып кеткен. Әйелдің үйіне камера орнатқан.
Былтыр 16 желтоқсанда полиция көлігімен полиция формасын киген адамдар үйге келіп, жан-жақты тексерген. Қызы бұлар кім екенін, кімнің тапсырмасымен келгенін білмей отыр.
«Не молчи» қоры тергеушінің тергеуді аяқтауға мүдделі еместігін айтты. Біреудің үйіне баса көктеп кіріп, оны ұрып кету, зорлауға тырысу қылмыс болып саналатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық