«Үй сатып алу мен сату саны 40 мыңға жетті»: Қай өңірде тұрғын үй қымбат?
Фото: Pexels
2024 жылдың шілде айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 40 099-ға жетті.
Бұл туралы ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі хабарлады.
40 099 деген көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 21,7%-ға артық. Әсіресе, ел астанасы – Астанада мәмілелер санының 42,2%-ға өскені байқалды. Сондай-ақ, Алматы және Ұлытау облыстарында 33,8% және 33,6%-ға сатып алу және сату көбейді.
Бағалар өсіп жатыр
Бір жыл ішінде, яғни, 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін екінші нарықтағы тұрғын үйдің бағасы 3,2%-ға, ал бастапқы нарықта 2,4%-ға өсті. Жайлы тұрғын үйдің жалдау ақысы да 5,2%-ға өсті, бұл елдегі тұрғын үйге деген сұраныстың тұрақты өсіп жатқанын көрсетеді.
Тұрғын үйлер қымбаттаған өңірлер
Жаңа тұрғын үйдің бағасы шарықтап тұрған қалалар қатарында Ақтөбе (+7,5%), Талдықорған (+7,2%) және Қызылорда (+7,1%) бар. Екінші нарықта Атырау (+16,9%) мен Астана (+8,9%) көш бастап тұр, ал жалдау саласында Талдықорған (+28,1%), Жезқазған (+23,6%), Петропавл (+21,8%) және Атырау (+21%) алдыңғы қатарда.

Үй сату мәмілелері
Көпқабатты үйлерді сату бойынша 30 973 мәміле тіркелді. Бұл жалпы санның 77,2%-ын құрайды. Ең көп пәтер мәмілелері Астана (21,6%) және Алматы (21,2%) қалаларында жасалған. Жеке үйлер бойынша да мәмілелер санының өсуі байқалады. Әсіресе Алматы және Ұлытау облыстарында көп.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық