Қыдырәлі Болманов 30 жылда елге сіңірген еңбегі туралы айтты
Фото: ашық дереккөзден
Қыдырәлі Болманов өзінің 30 жылда атқарған еңбегін айта отырып, өнер мен шоу-бизнес ұғымындағы айырмашылықтар туралы айтты.
АБК, Ұлытау топтарының құрылуы
«1991 жыл Халықаралық «Азия Дауысы» Парвиз Назаров Тәжікстаннан, Қыдырәлі Болманов Қазақстан, Юлдуз Усманова Өзбекстан. Көп болды қатысушылар. Ол жолы Нұрым жыраудың термесін орындадым. 1992 жылы мен конкурс қонағы болдым. Медеу қатысты. 1993 жылы Ерлан конкурсант болды. Мен оларға жанашыр болдым. Өнер деген ұғымның орнын шоу-бизнес деген термин ығыстыра бастады. Продюсер, клипмейкер деген терминдер пайда бола бастады. Парвиз, Арт-клуб, Кирилл Ли, дуэт-Л, кілең орысша айтатын танымал жұлдыздар көбейе бастады.
Продюсер сол жылдардағы қазақ тілінің мәртебесі туралы да сөз қозғады.
«Айналама қарасам жастардан қазақша бірде-бір топ жоқ. Не клип түсірілген қазақша ән жоқ! Теле-радио қалпынша орысша! Және қазақша әндер қабылданбайды. Ең сорақысы, қазақша әндерді түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін ғана тыңдай аласыз. Өз елімізде жүріп өгей балаға айналдық, Алла сақтасын! Республика сарайында қазақша концерттер жоқ! Тек ресейліктер» деді Қыдырәлі Болманов.
Топтың сол жылдардағы мақсаты
Оның айтуынша, АБК, кейіннен Ұлытау тобын қазақ әнін көкке көтеру үшін құрған.
«Осының бәрі ойландырып тастады. Намысыма қатты тиді. Күндердің күнінде Медеу мен Ерланның басын қосып, топ жасаймын деп шешім қабылдадым. Тұңғыш «тамшылар» әніне клип түсірдім. Телеарна, радиоларға тараттым. Қазақша әнмен бүкіл хит-парадтардан АБК-тобы 1-орынға шығып, «Тамшылар» әні бір Алланың қолдауымен айлап эфирден түспей хит болды да кетті! Күндіз де тыңдалатын қазақша әнге айналды. Яғни, қатып қалған «орысша мұзды» жарып, қазақша жол салдым! Одан соң Ұлытау тобы, Қарақатты қолға алдым. Қыдырәлі-Қарақат тұңғыш «үйленген ғашықтар» дуэтін жасадым. Бүгін сол кезден бірге келе жатқан дос-бауырларымызды көріп, тар-жол, тайғақ кешкен сол жылдар, сол күндеріміз есіме түсіп, кәдімгідей толқығаным рас» деді продюсер.
Марапатсыз қалғандар
Жазбасының соңында ол Тәуесіздіктің 30 жылдығында сіңірген еңбегі үшін медаль алмағанын айтып, өзі сияқты әншілерді жұбатты.
«Пандемия деген бәледен кейін, бәрінің амандығын тілейді екенсің. Жазатын, айтатын әсерлі әңгіме көп, кітап қылып жазбасаң, кішігірім парақшаға сыймайды. Осының барлығы естеріңізде болар… Амандықтарыңызды тіледік! Қайырлы кеш, Қазақ Елі! Медаль алмағандар, өзіміз отырып шай ішейік!» деп жазды Қыдырәлі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық