Құқық қорғаушылар президенттен Арон Атабекті босатуды сұрады
Қазақстандық құқық қорғаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматыда болған Шаңырақ оқиғасынан кейін 15 жылдан астам уақыт қамауда отырған және халықаралық құқық қорғау ұйымдары мойындаған саяси тұтқын, ақын Арон Атабекті босатуды өтінді. Оны босату үшін қол жинау Facebook-те жүргізіледі.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
— Президент мырза! ҚР президенті жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы 2006 жылғы 5 шілдедегі №140 Ережеге, 3 – тармаққа сәйкес: «Қазақстан Республикасының президенті өз қалауы бойынша – сотталған адамға немесе жазасын өтеген адамға кешірім жасай алады». Біз сізден осы құқығын ескеріп, Арон Едігеевті (Атабекті) кешіруіңізді сұраймыз, - делінген құқыққорғаушылар хатында.
Олар Атабек 15 жылдан астам уақыт Қазақстан түрмелерінде (Қаражал, Арқалық және т.б.) ең сорақы жағдайларда өмір сүрді. «Сонымен қатар, мерзімінің жартысынан көп уақыт медициналық тексерусіз, емделусіз және денсаулығынан жеке күтімінен айрылды» , деп жазды .
Құқық қорғаушылар еске салғандай, Атабектің өзі бірқатар созылмалы аурулар, оның ішінде қолдарының артрозо-артриті бар екендігі туралы хабарлады: «Екі қолым да ауырады, көтере алмаймын, иілмейді, тіпті қалам ұстау да қиын. Аяқта да да проблемалар бар, жүре алмаймын. Мен тек камера ішінде ғана жүремін. Таксофонға арбамен жетемін. Серуендеуден бас тарттым. Шамасы, ұрып-соғылған кездегі ескі жарақаттар шыға бастады».
Түрмеде отырған жылдарында Атабек өзін кінәсіз деп санағандықтан, мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазудан бас тартты.
— Егер сот оны полиция қызметкерінің өліміне кінәлі деп санаса, онда біз ол өмірінің 15 жылын түрмеде өткізіп құтылды деп есептейміз. Оның үстіне, сотталған 4 адамның ішінен үш жылдан астам уақыт бұрын екі адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Арон Атабек (Едігеев) бүгінде Қазақстанның көптеген азаматтары үшін батылдық пен төзімділіктің символына айналды.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары, АҚШ мемлекеттік департаменті, Еуропарламент Қазақстандағы адам құқықтары туралы айта отырып, еліміздің басшылығын Арон Едігеевті (Атабекті) босатуға бірнеше рет шақырды. Біз, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері мен белсенділер, Қазақстан азаматтары, Қасым-Жомарт Кемелұлы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Арон Едігеевті (Атабек) түрмеден босатуға шақырамыз, - делінген хабарламада.
Белгілі ақын, публицист және саяси белсенді Арон Атабек 2006 жылы Алматы қалалық сотының шешімімен 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол Шаңырақ шағын ауданындағы полицей қаза тапқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық