Украиндық басылым Мәсімовтің ісіне қатысты тың мәліметтер жариялады
ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі туралы украиндық интернет-басылым мақала жариялады.
Мақала авторлары Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым Мәсімовтің артында тұрғанын және Қаңтар оқиғасына Мәсімов тікелей қатысты екенін жазған.
«Қазақстандағы биылғы жылдың басты оқиғасы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұйымдастырды деп айыпталған мемлекеттік төңкеріс әрекеті өзінің қисынды қорытындысына келе жатқандай.
Билік Мәсімов пен оның сыбайластары мемлекетке опасыздық жасағаны туралы істің сотқа түсуі туралы жаңалықтарды қызу талқылап жатыр.
Бұл істің құпиялығына қарамастан, ақпарат алаңында қаңтардағы төңкерістің негізгі және түпкілікті пайда алушысы зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев болғанын және сол болып қала беретінін, ал оның жақын серіктері бенефициарлар болып қалатынын көрсететін ақпарат бірте-бірте «ағылып» жатыр» делінген мақалада.
Сондай-ақ, мақалада Мәсімовтің тергеу изоляторында оның отбасы мүшелері мен жақын ортасының Қаңтар оқиғасын ұйымдастырудағы рөлі туралы айтқанын жариялады.
«Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, тергеу барысында Мәсімов билікті басып алу жоспарының егжей-тегжейлері мен әрқайсысының рөлі туралы куәлік берген.
Сонымен, процестің басты интригасы – Мәсімов пен оның сыбайластары. Бәлкім, жақын арада төңкеріс сценарийінің басқа да қатысушыларының есімдері белгілі болар… Мұның барлығы Назарбаевтың мүддесі мен көлеңкелі бақылауында. Бұл эпикалық оқиғаның кейіпкерлері Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев, оның қыздары Дариға мен Әлия Назарбаевалар, Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин және оның отбасы, тағы да басқалары болуы мүмкін.
Ақпараттарға сәйкес, Мәсімов батыс истеблишментінің танымал өкілдерінің «таққа отыру» стратегиясын әзірлеуге миллиондаған доллар жұмсаған. Масондық із болған деген қауесет бар» деп жазды украиндық басылым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық