Украина Путиннің өкіл әкесін Ресейге тапсырды
Киев ресейшіл саясаткер Виктор Медведчук пен ресейлік 55 әскери қызметкерді Мәскеуге тапсырды.
Бұл туралы Украина қауіпсіздік қызметі хабарлайды.
Украина президентінің кеңсе меңгерушісі Андрей Ермактың айтуынша, Виктор Медвечук 215 украиндық сарбазға, оның ішінде Мариуполь Азовсталь зауытының қорғаушылары мен Азов полкінің қолбасшылығына айырбасталған. Сондай-ақ, Украина жағында соғысып, тұтқынға түскен 10 шетелдік қайтарылды.
СБУ Медведчукпен алмасу оның істерін сотта қарауға кедергі келтірмейтінін атап өтті.
«Бұл қиын процесс болды. Шығарылған 215 әскер - бұл Украина Қарулы Күштерінің алдыңғы шептегі жұмысының нәтижелерін қоса, күш позициясын қолдана отырып, дұрыс тактиканың маңызды нәтижесі» деп жазды Ермак.
Владимир Зеленский Азов командасымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті. Ол алмасу шарты бойынша бес полк командирі соғыс біткенше Түркияда болатынын айтты. Әскерилер президент Режеп Тайып Ердоғанның жеке қорғауында болады.
— Біз өз адамдарымызды үйге әкеле жатырмыз. Бұл мемлекетіміздің, бүкіл қоғамның жеңісі екені сөзсіз. Ең бастысы, жақындарын қауіпсіз жерде көре алатын 215 отбасы үшін,- деді Зеленский.
Ердоған өз кезегінде Мәскеу мен Киев арасындағы тұтқындар алмасуы Анкараның арағайындығымен өткенін және соғысты тоқтату жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Азов 2014 жылы Донбастағы қақтығыс кезінде еріктілер батальоны ретінде құрылған. Кейіннен ол полк болып қайта құрылып, тұрақты Украина армиясының құрамына кірді.
«Оппозициялық платформа – Өмір үшін» партиясының жетекшісі Медведчукті «Владимир Путиннің өкіл әкесі» деп атайды. Украинада оған екі бап бойынша мемлекетке опасыздық жасады және Қырымда тау-кен ісімен айналысқаны үшін «ұлттық ресурстарды талан-таражға салды» деген айып тағылды. Медведчук үйқамаққа алынды. Ол Ресей Украинаға басып кірген алғашқы күндері қашып кеткен. 12 сәуірде Украина билігі Медведчуктің ұсталғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық