Украина инфрақұрылымға келтірілген шығынды 127 миллиард долларға бағалады
Саяси сарапшылар әскери қақтығыс аяқталғаннан кейін елді қалпына келтіру ең ірі инвестициялық жобалардың бірі болады деп есептейді.
Украинаның азаматтық және маңызды инфрақұрылымына келтірілген залал кемінде 127 миллиард доллардан асты. Ал, «Коммерсант» жазғандай, қалпына келтіру «ең ірі инвестициялық жобалардың бірі» болмақ. Мұндай мәлімдемені Украина Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Эмине Жапарова жеткізді.
— Украина Еуропадағы ең ірі құрылыс алаңына айналды, ол халықаралық серіктестерге машина жасау, құрылыс және технологиялар трансферті саласындағы үздік тәжірибені пайдалану үшін көп мүмкіндіктер береді, - деді Жапарова БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында.
Министрдің орынбасары БҰҰ мемлекеттерін Украина президенті Владимир Зеленский ұсынған «бейбітшілік формуласын» қолдауға шақырды. Оның пікірінше, ол «Украина мен бүкіл әлемге қауіпсіздік пен әділдікті қайтара алады».
Айтпақшы, Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі БҰҰ Бас Ассамблеясының келесі отырысында жеке сөз сөйлегісі келеді. Кездесу күні Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыстың бір жылдығына бірнеше күн қалғанда белгіленді.
Жапарова «елдегі жағдай мүмкіндік берсе, бұл Зеленскийдің соғыс басталғаннан кейін Украинадан тысқары екінші сапары болмақ» деді. Біріншісінде өткен жылдың желтоқсан айында Вашингтонға ресми сапармен барған.
Бас ассамблея 23 ақпанда Украинадағы соғысқа қатысты жоғары деңгейдегі пікірталастарды, одан кейін 24 ақпанда Қауіпсіздік кеңесінің министрлер отырысын белгіледі. Дәл осы күні соғыстың басталғанына тура бір жыл толады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық