Wizz Air мамыр айында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Абу-Дабиге рейстерді іске қосады
Әмірлік лоукостері Wizz Air Abu Dhabi осы жылдың мамыр айында Абу-Даби – Алматы және Абу-Даби – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар авиатасымалын бастайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің сайты.
Әуекомпания сайтындағы мәліметтер бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Абу-Дабиге рейстің билет құны 34,99 еуродан басталады. Алматыдан ұшу уақыты – 4 сағат 50 минут, Нұр-Сұлтаннан – 5 сағат.
Билеттер әуекомпания сайтында қолжетімді.
Абу-Дабиге сапары кезінде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин БАӘ вице-президенті және премьер-Министрі, Дубай әмірі Мохаммед ибн Рашид Әл Мактум және оның орынбасары, БАӘ Президенті Істері жөніндегі министр шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді. Үкімет басшысы сондай-ақ Mubadala мемлекеттік холдингінің, Aldar Properties, ADQ, Al Dahra Holding, International Holdings Company (Royal Group) компаниясының басшылығымен кездесті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ арасында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды:
құс фабрикалары мен тауарлы сүт фермаларын салу;
жемістер мен саңырауқұлақтарды өндіру және өңдеу;
тау-кен металлургия кешені және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық;
Екібастұз өнеркәсіптік аймағында Индустриялық парк құру;
Шығыс Қазақстан облысында «Қатонқарағай» туристік кешенін құру;
Қазақстанда электромобильдерге арналған компоненттер өндірісін ашу.
БАӘ Қарағанды облысында сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды іске асыруға қатысады, олар озық технологияларды беруді және Қазақстанда өндірісті кейіннен оқшаулауды көздейді. АӨК жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан мен БАӘ жалпы капиталы 100 млн долларды құрайтын бірлескен қор құрады. АХҚО алаңында E-Banking саласындағы ынтымақтастық дамитын болады.
Жоғарыда аталған жобалар бойынша ҚР экономикасына салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 2,2 млрд долларды болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық