West Oil ереуілді тоқтатудан бас тартқан 50 қызметкерін жұмыстан шығарды
Мұнай сервистік компаниясы бұл шешім туралы алдын ала ескерткен. Бір күн бұрын 120 адам жұмысқа оралды.
Қалғандары 11 желтоқсаннан бері жалғасып келе жатқан ереуілді тоқтатпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан.
Сонымен бірге West Oil еңбек шарты бұзылған қызметкерлер бұрынғысынша жұмыстарын сақтай алатынын атап өтті:
«Жаңа қызметкерлер жұмысқа қабылданбағанша, жұмыстан босатылғандардың келісім комиссиясы арқылы жұмысқа қайта оралуына мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндік болғанымен, біз заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығын өз жұмысына қайта оралған әріптестеріңізден үлгі алуға шақырамыз» деді компания өкілдері.
West Oil процесс жоспарланғандай жалғасатынын айтты. Жұмысқа орналасуға жаңа үміткерлердің толық тізімі анықталғаннан кейін заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген басқа жұмысшылармен де келісім-шарт бұзылады.
Ақпанның 21-і күні Жетібай ауылының жұмыссыздары видеохабарламаға түсіріп, жұмыстан шығарылады деп жоспарланған ереуілшілердің орнына өздерін жұмысқа орналастыруды талап еткен.
Ақпанның 22-сі күні Құрық ауылының тұрғындары да осындай видео жариялап, Қарақиян ауданының әкімінен босаған жұмыс орындарын олардың арасында бөлуге көмектесуін өтінген.
West Oil Software компаниясында ереуіл 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бері жалғасуда. Жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» ұжымына қабылдануды, жалақыны ҚМГ бірыңғай жүйесінің деңгейіне жеткізуді, материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етуде.
Сот ереуіл қауіпті өндірістік нысанда өтуіне байланысты заңсыз деп танылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық