Vox Populi сайты цифрландыру символы ретінде жабылды

cover Сурет Pixabay сайтынан klimkin

Бір кездері эксклюзивті суретті репортаждарымен бүкіл елімізді дүр сілкіндірген басты қазақстандық Vox Populi ресурсының сайты артында із де  қалдырмай жабылды.

Белгілі саясаттанушы Марат Шибұтов сайттың жабылуы туралы былай деді:

«Қазнетте тағы бір ірі ресурс ескерусіз және белгісіз жағдайда жойылды – Vox Populi сайты жабылды. Барлық суретті репортаждары жоқ болды, иелері одан әрі хостинг үшін қаржы жұмсағылары келмеді. Журналистер мен фотографтардың көп жылдар бойғы еңбегі желге ұшты.

Саясаттанушының пікірінше, бұл жағдай еліміздің цифрландырылғанының тағы бір керемет көрінісі.


 

«Мен бірнеше жылдан бері егемен Қазақстан дәуірінен гөрі империялық және кеңестік дәуірден көбірек ақпарат қалатынын - бәрі көшірілместен және оны қалпына келтіруге әрекет жасалмай, жойылып жатқанын айтып келемін. Цифрландыру деген осындай, мәдени даму осылай жүріп жатыр» деп жазды ол.

Назар аударыңыз, қазіргі басшылардың ешқайсысы ресурстың ресми жабылғаны туралы хабарламады. Қазақтың танымал PR-мамандарының бірі Әлішер Елікбаев ашқан сайт 10 жылдай жұмыс істеп келген еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар