Владимир Жириновский қайтыс болды - Ресейлік БАҚ
ЛДПР партиясының жетекшісі және ресейлік танымал саясаткер «Владимир Жириновский бүгін сағат 10:45-те Мәскеудегі ауруханада қайтыс болды» деген ақпарат ресейлік БАҚ беттерінде және желіде желдей есті.
Алайда, Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Жағдайы шынымен ауыр. Бүгін томографиядан өтті. Біз оны уайымдап жатырмыз, дәрігерлер ол үшін күресіп жатыр. Өзі де керемет азамат. Тез сауығып кетуіне тілектеспіз» деді ол.
Еске салсақ, 9 ақпанда 75 жастағы Жириновскийдің коронавируспен ауруханаға түскені белгілі болды. Бастапқыда оның жағдайы тұрақты болса, артынша түрлі асқынулар анықталған.
Айта кетсек, бұған дейін Либералдық-демократиялық партияның жетекшісі COVID-19-ға қарсы сегіз рет екпе алған болатын. Соңғы күндері саясаткер комада жатыр деген ақпарат тараған еді
Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматыда дүниеге келген. 1964 жылы 3 шілдеде ол Қазақстаннан көшіп кеткен. Владимир Вольфович өзінің сұхбаттарында және көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде Қазақстан және Қазақстан халқы туралы өте екіұшты мәлімдемелер жасайтын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық