Владимир Зеленский: «Соғыс дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс»
Фото: Brian Snyder / Reuters
Владимир Зеленский Дональд Трамппен кездескеннен кейін Fox News телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Зеленский, ең алдымен, Ақ үйде болған оқиғаға өкініш білдіріп, Трамптың оны ренжітті, құрмет көрсетпеді деген айыптауларына жауап берді.
«Мен Трампқа және АҚШ халқына көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамын. Мен президентті де, Америка халқын да құрметтеймін. Соғысты аяқтау ешкімге бізден артық қажет емес. Мен тек Путинді тоқтату үшін бірге болуымыз керек екенін айтамын».
Украина сирек жер пайдалы қазбалары бойынша келісімге қол қоюға дайын ба, деген сұраққа Зеленский оған келісетінін, бірақ бұл жеткіліксіз екенін баса айтты.
«Мүмкін мен бірдеңені білмейтін шығармын және Трамптың Путинді тоқтататын жоспары бар шығар. Біз бейбітшілікке дайынбыз, оған дипломатия арқылы қол жеткізіледі».
Өзінің отставкаға кетуіне қатысты сұраққа Зеленский мұндай шешімді тек Украина халқы қабылдай алатынын айтты. Трамппен қарым-қатынасты сақтау мүмкін бе деген сұраққа ол: «Иә, әрине», - деп жауап берді.
«Бұл екі президенттің емес, екі елдің қарым-қатынасы. Сіздің халқыңыз халқымызды құтқаруға көмектесті. Бұл өте маңызды және біз өте ризамыз».
Естеріңізге сала кетейік, Украина басшысы мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 28 ақпанда өткен кездесуі дауыс көтерумен аяқталды. Зеленский Ақ үйден мерзімінен бұрын кетіп қалды.
Осыдан кейін бірден көптеген еуропалық көшбасшылар Украинаға қолдау білдірді.
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр