Владимир Зеленский: «Мен тарихта Путинге елімді басып алуға көмектескен адам ретінде қалғым келмейді»
Скриншот: Владимир Зеленскийдің тelegram арнасы
Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Украинадағы соғысты тоқтату бойынша «АҚШ тарапынан дайын жоспар» көріп тұрмағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым Владимир Зеленскийдің сөзінің маңызды тұстарын ұсынады.
• Бізге АҚШ-тың күшті қолдауы керек, Трамп біз жақта.
• Украина өзінің минералдық ресурстарын Ресейден қорғауы керек.
• Украинаға тек атысты тоқтату ғана керек емес.
• Украина бойынша келісімді Киевсіз және Еуропасыз жасау жақсы идея емес. Трамптың «мұндай ойы жоқ» деп үміттенемін.
Мюнхенде бейбітшілікке қол қоюға болмайды, бұл қанша дегенмен – Мюнхен (1938 жылғы Мюнхен келісіміне тұспалдап тұр).
• Мен Путинге елімді басып алуға көмектескен адам ретінде тарихта қалғым келмейді.
Телефон арқылы сөйлескеннен кейін Путин туралы жылы сөйлеген Трамптан айырмашылығы, америкалық сенаторлар Зеленскиймен панельдік пікірталаста Ресей президентін аямады. Демократиялық сенатор Шелдон Уайтхаус Украинаны екі партия да қолдайтынын атап өтті.
Республикалық Линдси Грэм Зеленскийді «өмір бойы армандаған одақтасым» деп атады.
«Украинаны қорғауда бірде-бір америкалық қаза тапқан жоқ. Сіз бізді «пышақсыз бауыздадыңыз», - деді Грэм Зеленскийге.
Украина президентінің иығына қолын қойып, сенатор былай деп қосты:
«Путинді қалай тоқтатуға болады? Мына жігітті (Зеленскийді) бастан аяқ қаруландырыңыздар».
Би-би-си хабарлауынша: Зеленский АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнспен екеуі де Мюнхенде болғанда кез келген уақытта кездесетінін, бірақ әлі меморандумға қол қоюға дайын емес екенін айтты.
Украина президенті жиналғандарға соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуге дайын жалғыз ресейлік шенеунік — Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты. Бұл АҚШ пен Еуропа басшыларымен ортақ жоспар келісілгеннен кейін ғана болады.
Зеленский сонымен қатар Трампқа өзінің телефон нөмірін беріп, оған «қалаған кезде» қоңырау шала алатынын айтқан.
Владимир Зеленский өзінің тelegram-арнасында Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында АҚШ сенатының екіжақты делегациясымен кездескенін жазды:
«Біз Украинаға әскери қолдауды жалғастыру және әділетті бейбітшілікке қол жеткізу үшін қажетті күш-жігер туралы талқыладық. Ресей Федерациясы соғыстың аяқталуын қаламайды және әлемдегі шиеленісті күшейте түсті. Сондықтан Украина үшін АҚШ-тың әскери қолдауы өте маңызды. Бұл әділ әрі тұрақты бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы. Біз Украина мен Америка Құрама Штаттарының серіктестігі, атап айтқанда, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, экономикалық ынтымақтастық және маңызды минералдар мен сирек жер ресурстарын бірлесіп игеру туралы бөлек сөйлестік».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық