Владимир Зеленский: «Мен тарихта Путинге елімді басып алуға көмектескен адам ретінде қалғым келмейді»
Скриншот: Владимир Зеленскийдің тelegram арнасы
Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Украинадағы соғысты тоқтату бойынша «АҚШ тарапынан дайын жоспар» көріп тұрмағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым Владимир Зеленскийдің сөзінің маңызды тұстарын ұсынады.
• Бізге АҚШ-тың күшті қолдауы керек, Трамп біз жақта.
• Украина өзінің минералдық ресурстарын Ресейден қорғауы керек.
• Украинаға тек атысты тоқтату ғана керек емес.
• Украина бойынша келісімді Киевсіз және Еуропасыз жасау жақсы идея емес. Трамптың «мұндай ойы жоқ» деп үміттенемін.
Мюнхенде бейбітшілікке қол қоюға болмайды, бұл қанша дегенмен – Мюнхен (1938 жылғы Мюнхен келісіміне тұспалдап тұр).
• Мен Путинге елімді басып алуға көмектескен адам ретінде тарихта қалғым келмейді.
Телефон арқылы сөйлескеннен кейін Путин туралы жылы сөйлеген Трамптан айырмашылығы, америкалық сенаторлар Зеленскиймен панельдік пікірталаста Ресей президентін аямады. Демократиялық сенатор Шелдон Уайтхаус Украинаны екі партия да қолдайтынын атап өтті.
Республикалық Линдси Грэм Зеленскийді «өмір бойы армандаған одақтасым» деп атады.
«Украинаны қорғауда бірде-бір америкалық қаза тапқан жоқ. Сіз бізді «пышақсыз бауыздадыңыз», - деді Грэм Зеленскийге.
Украина президентінің иығына қолын қойып, сенатор былай деп қосты:
«Путинді қалай тоқтатуға болады? Мына жігітті (Зеленскийді) бастан аяқ қаруландырыңыздар».
Би-би-си хабарлауынша: Зеленский АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнспен екеуі де Мюнхенде болғанда кез келген уақытта кездесетінін, бірақ әлі меморандумға қол қоюға дайын емес екенін айтты.
Украина президенті жиналғандарға соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуге дайын жалғыз ресейлік шенеунік — Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты. Бұл АҚШ пен Еуропа басшыларымен ортақ жоспар келісілгеннен кейін ғана болады.
Зеленский сонымен қатар Трампқа өзінің телефон нөмірін беріп, оған «қалаған кезде» қоңырау шала алатынын айтқан.
Владимир Зеленский өзінің тelegram-арнасында Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында АҚШ сенатының екіжақты делегациясымен кездескенін жазды:
«Біз Украинаға әскери қолдауды жалғастыру және әділетті бейбітшілікке қол жеткізу үшін қажетті күш-жігер туралы талқыладық. Ресей Федерациясы соғыстың аяқталуын қаламайды және әлемдегі шиеленісті күшейте түсті. Сондықтан Украина үшін АҚШ-тың әскери қолдауы өте маңызды. Бұл әділ әрі тұрақты бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы. Біз Украина мен Америка Құрама Штаттарының серіктестігі, атап айтқанда, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, экономикалық ынтымақтастық және маңызды минералдар мен сирек жер ресурстарын бірлесіп игеру туралы бөлек сөйлестік».
Жаңалықтар
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті
- Бюджет тапшылығы: Қазақстан халықаралық банктерден жарты триллион теңгеге жуық қарыз алады
- 30 жыл бойы заң қабылдаған Сенаттың соңғы отырысы өтті
- АҚШ пен Иран келіссөзге келді: Дохада өтетін кездесуге дейін Ормуз бұғазындағы шиеленіс бәсеңдеуі мүмкін
- Соққыдан аударылды: Алма-Арасан шатқалында жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
- Албанияда ұсталған қазақстандық экстрадицияланды: ҰБТ-ға «кепілдікпен түсіремін» деп 28 млн теңге алған
- Алматы облысында жоғары технологиялық есірткі зертханасы әшкереленді
- ӘЧ-2026: Месси, Мбаппе және Роналду плей-офф кезеңінде бақ сынайды, шешуші кезең басталды
- Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасамауға тағы да уәде берді
- Энергетика министрлігі екі өңірде автогаз тапшылығы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні