Владимир Божко «қазақ ұлтшылдарына» қыр көрсететін жазбамен бөлісті
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Мәжіліс депутаты Владимир Божко өзінің Facebook парақшасында «қазақ ұлтшылдарына» қыр көрсеткен жазбамен бөлісті. Жазбада батысшыл, тұраншыл және украинаға бүйрегі бұратын адамдарды бір ауыз сөзбен «ұлтшыл» деп атаған. Жазба авторы – Семен Уралов.
«Қазақстанның ұлтшылдары әзірлене беріңдер.
Ресейдің Бас прокуроры Игорь Краснов Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловпен кездесті: «Бұл туралы айту ыңғайсыздау. Бірақ маған ұдайы мынадай ақпарат түседі: «Украиндық үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда да белсенді түрде русофобтық әрекет жасалып жатыр»...
«Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру тәжірибесімен алмасуға біздің сарапшыларымыз шілде айында Нұр-Сұлтанға келеді».
Жақында барлық соросшылар, тұраншылар мен басқа да нацистерге қылбұрау салынады деген үміт бар.
Бірқатар қазақ саясаттанушыларына жазбаларын барынша тазартып, бұдан былай қайдағы жоқ нәрсені жазбауға кеңес беремін» делінген Семен Ураловтың жазбасында.

Семен Ураловтың жазбасымен депутат Божко өз парақшасында бөліскен. Ол желіде қызу талқыға түскен сәтте депутат жазбаны өшірмей, оны жұрт көзінен бұғаттап қойған.
Божконың айтуынша, бұл Украинаның арнайы қызметінің арандатуын тоқтату үшін қажет. Сондай-ақ, ол жұрттың неге сонша дүрліккенін түсінбейтінін жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық