Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі қызметінен кетті
Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы ақпарат KASE сайтында жарияланды.
– Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламаға сүйенсек, кеңестен өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі В.К.Ким шығарылған. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Сәтқалиев А.М., Акишев Д.Т., Қуантыров А.С,- делінген хабарламада.
Вячеслав Ким - Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның 24,13% акциясына иелік етеді, Қазақстан Ұлттық таэквондо федерациясының президенті. Ол Қазақстандағы ең беделді және ауқатты бес кәсіпкердің бірі.
2013 жылдан бастап Kolesa Group компаниясының ортақ иесі болды. 2015 жылдан – Alseco компаниясының тең иесі. 2017 жылдан 2019 жылға дейін – Magnum сауда желісінің тең иесі.
Бұған дейін Kaspi.kz және компанияның тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық