Виктор Орбанның күйеу баласы KASE-нің номиналды акционері болуы мүмкін
Фото: Максим Константинов
Венгриялық миллионер Иштван Тиборц австриялық Raiffeisen Bank International(RBI) банк тобының ресейлік бөлімшесін сатып алуы мүмкін. Бұл туралы 21 ақпан, жұма күні австриялық Der Standard газеті жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Басылым мәліметінше, Raiffeisen Bank International басшылығы Виктор Орбанның күйеу баласына ресейлік бизнесті сату жолдарын талқылауда. Алайда Венгрия тарапы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Алайда RBI мен Тиборец арасында «байыпты келіссөздер» жүріп жатқаны туралы ақпарат әлі де тарап жатыр. Келіссөзге орталық банк пен Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл мәселені Венадағы RBI бақылау кеңесі талқылаған. Отырысты Raiffeisen-Holding Niederösterreich Wien инвестициялық холдингінің басшысы Эрвин Хамезедер басқарды.
38 жастағы Тиборц - Венгриядағы ең бай адамдардың бірі. Венгриялық Forbes оның байлығын 151,5 миллиард форинтке (шамамен 370 миллион еуро) бағалайды. Ол 2013 жылы премьер - министрдің үлкен қызы Рахель Орбанға үйленген.
2024 жылдың маусымында KASE акцияларының 13,1% иеленген Мәскеу биржасы АҚШ-тың санкцияларына ұшырады. Сол жылдың қазан айында KASE Мосбиржаның акционерлер құрамынан шығатыны және ресейлік сауда алаңымен қарым-қатынастың тоқтатылатыны туралы хабарлады.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша KASE акцияларының 13,1% номиналды ұстаушысы ресейлік Raiffeisen Bank International(RBI) болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық