Вице-министр мен үш судья сыбайлас-жемқорлықпен ұсталды
2021 жылы қанша шенеунік сыбайлас-жемқорлықпен ұсталғаны туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов айтты. Оның ішінде вице-министр, судьялар, әкімдер мен олардың орынбасарлары да бар.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Тергеу-жедел жұмысы аясында 6 ай ішінде 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 61-і республикалық және облыстық деңгейдің басшылары. Сондай-ақ, вице-министр және үш судья ұсталған. 7 облыс әкімі мен олардың орынбасарлары әшкереленді.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілігін күшейту аясында 33 лауазымды тұлға жазаланды, оның 3-і қызметінен босатылды. Бюджетке 15 млрд теңге өтелді. Кәсіпкерлік істерге заңсыз араласудың 60 фактісі және көлеңкелі экономика субъектілеріне патронаттық қолдаудың 45 фактісінің жолы кесілді. Жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі анықталды, - деді Ахметжанов.
Оның айтуынша, статистика сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тіркеу 35 пайызға – 1 540-тан 1 005-ке дейін төмендегенін көрсетеді.
– Семей Орманы қорығының бас директоры мен оның екі орынбасары бастаған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кәсіпкерлерден орманды санитарлық тазалауға рұқсат беру үшін пара алу схемасын ұйымдастырды. Үш жетекші қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қарамағындағылардың үстемақыларынан ақша бопсалаумен үнемі айналысқан Қорғаныс министрлігінің логистика және қару-жарақ пен қаржы бөлімінің басшылары ұсталды, - деді агенттік басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық