Венеция, Токио, Страсбург және Лион жаңа жыл қарсаңында алкоголь ішуге тыйым салды
Фото: Orda.kz
Қалаларда отшашуларды сату шектеліп, адам көп жиналатын орындарды жауып тастады, деп хабарлайды Orda.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ бірқатар қалаларда адамдардың көп жиналуына, көзден жас ағызатын баллондар алып жүруге және отшашу атуға тыйым салынды. Барлық жағдайда билік бұл шешімді заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндіреді.
Венеция билігі жаңа жыл қарсаңында алкоголь ішуге тыйым салды. Қауіпсіздік мақсатында оларды дүкендер мен барларда сатуды, сондай-ақ қоғамдық орындарда ішімдік ішуді шектеуге шешім қабылдаған басқа қалаларға қосылды. Венецияда қоғамдық орындарда жаңа жыл қарсаңында алкогольді және алкогольсіз шыны ыдыстар мен пластик бөтелкелердегі сусындарды әкелуге және тұтынуға тыйым салынады. Шектеу 31 желтоқсан сағат 19.00-ден 1 қаңтар күні таңғы 6-ға дейін қолданылады. Тыйым барлар мен мейрамханаларға, тіпті ашық террассалары барларға да қатысты.
Тәртіп бұзғандарға 25-тен 500 еуроға дейін айыппұл салынады.
Венеция мэрі Луиджи Бругнаро ережелердің қатаңдатылуын қауіпсіздік мәселесімен және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді.
Токионың түнгі өмірінің ең танымал екі ауданы Сибуя мен Синдзюку хэллоуин мерекесінде топтасып жиналу мен қоғамдық орындарда ішімдік ішуге шектеу қойды. Енді Сибуя билігі қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салуды алдағы жыл бойына, соның ішінде мереке күндерінде – 31 желтоқсан кешкі сағат 18.00-ден 1 қаңтардағы таңғы 5-ке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Тыйым танымал жиналатын орындардағы шуды шектеуге бағытталған. Аудан билігі жаңа жылдық кештердің тоқтатылатынын хабарлады.
Сибуя (Scramble Crossing) өткеліндегі таңғажайып кері санақ 2020 жылдан бастап тоқтатылды, өйткені жиналғандар (2018 жылы мұнда 120 000 қатысушы саналған) қауіпсіздік мәселесін тудыруы мүмкін. Жаңа жылға дейін дүкендерде алкогольді ішімдіктерді сату да уақытша тоқтатылады.
Францияның Страсбург қаласы 31 желтоқсан күні түстен жаңа жыл күні түске дейін көшеде алкоголь ішуге және сатуға тыйым салды.
Сондай-ақ 31 желтоқсанда сағат 22.00-ден 1 қаңтарда таңғы сағат 6-ға дейін «ата-анасының немесе отбасы мүшелерінің» ертіп жүруінсіз 16 жасқа толмағандарға коменданттық сағат енгізілді.
Лион қалалық әкімшілігі де 31 желтоқсан күні кешкі сағат 17.00-ден 1 қаңтардың 11.00-ге дейін қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді тұтынуды шектеді.
31 желтоқсанда кешкі сағат 20.00-ден жаңа жыл күні таңғы 9.00-ге дейін алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынды.
30 желтоқсанда таңғы 6-дан 3 қаңтарда таңғы 6-ға дейін отшашуларды сатуға, сатып алуға, сақтауға және тасымалдауға тыйым салынады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жаңа жылды тойлау кезінде Алматы полицейлері де кезекшілікті күшейтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық