Вакцина салдырып, ақшалай сыйлық ұтып алыңыз!
Атырауда азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуға ынталандыру мақсатында ұтыс жарияланды. Жүлде қоры 40 миллион теңге!
Атырау облыстық Азаматтық Альянсының бастамасымен жүзеге асырылғалы отырған шараға облыс әкімдігі қолдау көрсетеді.

- 30 маусымнан бастап, І немесе II компонент вакцинасын алған тұрғындар арасында әр 10 күн сайын 200 мың теңге көлемінде 10 ақшалай сертификат ойнатылады. Жеңімпаздарды кездейсоқ сандарды генерациялаудың арнайы бағдарламасы анықтайды. Сондай-ақ, тамыз айының басында биылғы 30 маусымынан бастап 31 шілдесіне дейін вакцина алған адамдар арасында 3 млн. теңге көлемінде 2 сертификат ойнатылады.
Қыркүйек айының басында ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 31 тамызына дейін вакцина алған тұлғалар арасында 3 млн. теңге соммасына тағы 2 сертификат ойнатылады. 10 млн. теңге сомасындағы бас жүлде қазан айында ойнатылады. Оған Атырау облысында 2021 жылғы 1 ақпаннан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде вакцинаның I немесе II компонентін алған адамдар қатыса алады, - дейді Атырау облыстық Азаматтық Альянсының президенті Әлібек Семғалиев.
Айта кету керек, ақшалай сертификат жеңімпаздарын тікелей эфирде және әлеуметтік желілерде, «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» арнайы парақшаларында анықтайды. Жобаны іске асыру үшін белгілі блогерлер, белсенділер, азаматтық сектор өкілдері тартылатын болады.
Авторы: Эльмира Тунгатарова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық