Вакцина салдырған дәрігердің қызуы көтеріліп, қалтырай бастады
Қызуы көтеріліп жатып қалған. Алматылық эпидемиолог коронавирусқа қарсы вакцинаның ағзасына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Вакциналаудың бірінші аптасында Алматыда 61 дәрігер екпе ала алмады. Тексеру кезінде 59 дәрігерден қарсы көрсеткіштер анықталды. Тағы екі адам вакциналаудан өз еркімен бас тартты. Бірақ, емханалар мен ауруханалар қызметкерлерінің көпшілігі екпенің алғашқы дозасын алды. Бүгінде олардың саны – 1315.
Эльвира Ибрагимова, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының эпидемиологы:
«Кез келген екпеге адам ағзасы реакция береді. Бұл қалыпты құбылыс. Коронавирусқа қарсы вакцинаны мен де алдым. Сол күні қызуым көтеріліп қалтырай бастадым. Ол бір күнге созылды. Келесі күні денсаулығым қалпына келді».
Вакцинаның жанама әсерлері тіркелген жоқ, дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Тек кейбір науқастарда екпеге реакция болды - бұл дене қызуының көтерілуі, қалтырау және әлсіздік. Бұндай белгілер бір тәулік мөлшерінде байқалады. Енді дәрігерлер ревакцинацияға дайындалуда. 21 ақпаннан бастап «Спутник V» екінші дозасын егу басталады. Келесі аптада ампулалардың қажетті санын әкелуге уәде берілді. Вакцинаның алғашқы партиясы 1750 дозаға есептелген. Наурыз айының соңына дейін қалаға тағы 150 мың доза жеткізу жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық