Вакцинаға қарсы әйелдер дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды
Оқиға Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылында болған. Жергілікті блогер Facebook желісінде жариялаған видеода әйелдердің жиналыс соңында тұрып, мінбедегі адамдарға жұмыртқа лақтырып жатқанын көруге болады.
Ересек әйелдің мұндай әрекеті облыс тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Олар оған қатысты шара қолдануды сұрайды.
– COVID-19 және коронавирустық инфекцияға қарсы екпе ойлап тапқан дәрігерлер емес. Олар ауылдар мен аудандарға қызметтік міндеттеріне байланысты барады. Сондықтан оларға мұндай әрекет жасау әділетсіздік деп санаймыз, - дейді қызылордалықтар.
Шиелі ауданының әкімдігі жергілікті тұрғынның заңсыз әрекеті фактісін растады. Бірақ оған қарсы шара қолдану олардың құзыретіне жатпайды.
– Ақпараттық-түсіндіру тобы келген кезде бірқатар азаматтар жүргізіліп жатқан екпеге наразылықтарын білдірді. Ал жиналысқа қатысушылардың бірі қоғамға жат әрекет жасап, дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды. Оған құқықтық баға берілді, әрекет ету құзырлы органдардың қолында, - деп жауап берді Шиелі ауданы әкімдігі.
Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыға қатысты материалдар жинақталып, сотқа жіберілгенін айтады.
– Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауыл округіндегі Мәдениет үйінде болған оқиға бойынша құқық бұзушыға ҚР Кодексінің 434-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық ("Ұсақ бұзақылық"), - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция басқармасының баспасөз хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық