Вакцинаға қарсы бір топ ана министрлік өкілдеріне шабуыл жасады
Тұрғындармен кездесуге денсаулық сақтау вице-министрлері Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми өкілі Ержан Байтанаев келген. Ал әйелдер болса олардың сөзін тыңдамай, шенеуніктермен төбелеспекші болды.
Ержан Байтанаев қандай жағдай болмасын мемлекеттік орган қызметкерлерінің халықпен келісімге келуге тырысатындығын айтып, пікір білдірді.
Бұл туралы Orda.kz. порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтей отырып хабарлады.
— Бүгінгі болған оқиға мені қатты састырды. Мен көп балалы аналардың бұл қылығын көріп, не айтарымды білмей қалдым. Олардың арасында мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар да бар, алайда әйелдердің министрліктің мүгедек қызметкеріне көрсеткен озбырлығы адам нанғысыз. Олар ғимаратқа баса көктеп кіріп, өзін қорғай алмайтын қызметкерді тарпа бас салды. Күш көрсетіп, балағаттай бастады. Бейшара қыздың, керісінше, оларға көмектіскісі келетінін ешкім де тыңдамады, – дейді Байтанаев.
Жағдайды мысалға алған Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми өкілі халықты сабырлыққа шақырды.
— Мүгедек жандардың мүддесін қорғаймыз деген олар мүмкіндігі шектеулі қызға қатысты осындай қылық танытып отыр. Бұл не деген екіжүзділік? Біз зайырлы әрі заңға негізделген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті әркімнің үніне құлақ асуға дайынбыз. Егер сұрақтарыңыз бен шешілмеген мәселелеріңіз болса, ашуға берілмей келіп түсіндіріңіздер. Біз тыңдауға дайынбыз, – деді Байтанаев.
Бұған дейін мемлекет басшысы вакцина алғысы келмейтін адамдармен жұмыс жүргізу керек екендігін болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық