Вагнер тобының шекараға жақындағанына Польша алаңдаулы
Сурет ашық дереккөзден
Польша премьер-министрі «Вагнер» тобының 100-ден астам жауынгері Польша мен Литва шекарасы өтетін Сувалск дәлізіне шыққанын мәлімдеді.
29 шілдеде Польшаның Жоғарғы Силезия провинциясындағы қару-жарақ зауытына барған кезде Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий «Вагнер» компаниясының жүзден астам адамы Беларусь шекарасына көшкенін мәлімдеді, деп жазады Meдуза. Оның айтуынша, олар қазір Польша мен Литва шекарасындағы Сувалск дәлізіне қарай жылжуда.
«Мүмкін, олар Беларусь шекарашыларының атын жамылып, елдегі тұрақтылықты бұзу үшін заңсыз мигранттарға Польшаға кіруге көмектесетін шығар. Сондай-ақ олар Польшаға заңсыз мигранттардың атын жамылып кіруге әрекеттенуі де ықтимал, бұл елге қауіп төндіреді», - деді Польша премьер-министрі.
Моравецкий жауынгерлердің Беларусь аумағы арқылы қозғалысын «Польша территориясындағы алапат шабуылдың жалғасы» деп санайды. Айта кету керек, өткен аптада Беларусь президенті Путинге Вагнер әскерлерінің жүрісі өзін алаңдататынын айтып, олар Польшаға «серуендеуге» бармақшы деп шағымданды.
Вагнер тобына қарсы тұру үшін Польшада екі отряд құрылып жатқаны бұрын хабарланған болатын. Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак: «Сувалск» дәлізіне жақын жерде поляк әскери-инженерлік батальоны орналастырылады. Одан басқа да бөлімшелер «Минсктен төнген қауіпке» қарсы қорғанысты күшейту үшін құрылуда. Осының алғашқысы сапер батальоны болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық