V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қандай?

8-14 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарлануда.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мақсаты қандай?
Жарыстар орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған. Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның материалды емес мәдени мұралар тізіміне кіреді.
Ойындар тарихы қай мемлекеттен бастау алды?
Алғаш рет 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғыз Республикасында ойластырылып, Шолпан Ата қаласында өткен халықаралық спорттық шара әлемдік мәртебеге ие болды. Уақыт өте Еуразия кеңістігін ғана емес, басқа да көптеген елдерді қамтып келеді. Соңғы рет 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында өткен. Енді дүниежүзілік ойындарды өткізу құқығы Қазақстанға беріліп отыр.
Қатысушы елдер
Болжам бойынша, Астана қаласына 7 күнге созылатын жарыстарға 100-ден астам елден 3000-ға жуық қатысушы келеді. Сонымен қатар көшпенді емес елдерден де ойыншылар қатысады деп жоспарлануда.
Ойындардың ашылу және жабылу рәсімі
Қатысушы елдердің командалары алфавиттік тәртіп бойынша бөлек топтармен, салтанатты шерумен жүріп өтеді. Ашылу рәсімі міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының туын өткізу және көтеру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын және Дүниежүзілік көшпенділер әнұранын орындаудан басталады.
Ал жабылу рәсімі, «Қазанат» орталық ипподромында өткізілетін көкпар турнирінің финалист командаларының финалдық ойыны бітісімен өткізіледі.
Ойын бағдарламасы
Астана қаласының ең үздік спорт алаңдарында 21 спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс салудың ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар және халық ойындары. Ойындарда 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Ойындар инфрақұрылымы
5-ші ДКО инфрақұрылымына «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені және «Думан» кешені сияқты 6 елордалық нысан кірді.
«Қазанат» ипподромы мен Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құс салудың ұлттық түрлерінен жарыстар және ат үстіндегі сайыстар бойынша жарыстар өткізіледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз сарайында ұлттық күрес түрлерінен, жекпе-жек түрлерінен және халық ойындарынан жарыстар, ал «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша жарыстар өткізіледі. Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ДКО Аккредиттеу және Жабдықтау орталықтары орналасады.
Мәдени іс-шаралар
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындар аясында мәдени бағдарламалар да өтеді. Атап айтқанда «Көшпенділер ғаламы» , «Астана – көшпелілердің астанасы» атты жарқын театрландырылған қойылымы, айтыс және «Бірлік керуені» сынды мәдени іс-шаралар өту жоспарлануда.
Түркі әлемінің көркіне айналып көпшілік көз тіккен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын өткізу еліміз үшін үлкен абырой. Сонымен қатар әлемдік аренада тарихымызды жаңаша қырынан жаңғыртуға деген мүмкіндік. Дүбірлі додада спортшыларымызға сәттілік серік болсын!
Жаңалықтар
- Алаяқтар арбауы: Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі далада қалды
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?