«Ұзаққа созылған сот ісі»: 15 сағаттық азапты өлім
Фото: Жеке архивтен
Соңғы 10 жылда тұрмыстағы зорлық-зомбылық күрт өсті. Соның ішінде әйел өлтіру фактілері көп. Марқұм Салтанат Нүкенованың өлімі қоғамда резонанс тудырып, 50 мың адам қол жинап осы мәселеге қатысты заң қабылданған болатын. Сол «Салтанат заңы» шыққаннан кейін осындай қылмысқа қатысты қабылданып отырған сот шешімінің бірін бақылап, Orda.kz тілшілері жәбірленуші тарапқа хабарласты.
Өткен жылдың желтоқсан айында Семейде бүкіл қаланы дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болды. 33 жастағы Диананы жігіті көлігімен қасақана қағып өлтірді.
Диананың ұлы анасыз қалды. Қайтыс болған әйелдің анасы «ол менің қызымды өлтіргенде мені де қоса өлтірді» деп отыр.
7 ай бойы Диананың анасы қызының өліміне айыптыны соттау ісімен күресті. Белгілі себептермен кейінге қалдырылып келе жатқан сот шешімі енді шықты. Семей қалалық сотының судьясы Л.Фидосова төрелік еткен сотта айыпкерге 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.
«15 сағатқа созылған азапты өлім»
Жақындарының сөзінше, істің бір жылға созылғаны, сондай-ақ 106 бап — «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» айыбымен ғана сотталғалы отырғаны, оның адвокаттарының мұны жол апаты сияқты баяндауы істі тым шиеленістіріп жіберді. Ақыры, прокурор сұраған 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы жазаны судья қабылдады. Марқұм Диананың анасы айыптыға қанша жыл берсе де аз деп отыр.
«Мен үшін қанша уақытқа бас бостандығынан айырса да аз болады. Тым болмаса осы тағайындаған жазаны сол күйі қолданса екен. Олар қайта аппеляцияға береді», — деді анасы алаңдап.
Марқұмның ауруханаға жеткен кезіндегі бейнежазбаны «НеМолчи.kz» қоры жариялаған болатын. Диана 15 сағат бойы жан сақтау бөлімінде қиналып қаза болды. Марқұмның анасы қызының ауруханада жатқаны жайлы хабар бермегенін айтты. Бейнежазбадағы қиналып жатқан Диананы қараған дәрігерлердің «салқынқандылығы» жұртты біраз шошытқан болатын.
Айыпты қасақана түрде көлікті оған қарай бар жылдамдықпен жүргізіп келе жатады да, кілт тоқтай қалады. Сосын, 1 метрдей жерде тұрған Диананы аямастан қағып өтеді. Бейнежазба сапасыз болса да, Диананың көлік «капотына» бір-ақ шыққаны, жүргізушінің тоқтамай жүре бергені байқалады.
Көз жұмбас бұрын Диана 15 сағат бойы жансақтау бөлімінде азап шекті.
«Айыпкер марқұмның ұлын қамап қойған»
Диана 14 желтоқсан күні кешкісін анасымен сөйлесті. Әңгіме барысында марқұм осы айыпкер азамат Галушкин Александрға тұрмысқа шығып, «отбасы құрғысы келетінін» айтыпты.
Анасының сөзінше, айыпты еркек қылмыс болған түні Диананың кішкентай ұлын үйге қамап кеткен. Ол үйде анасының қайтып келуін күтіп отыра беріпті. Диананың анасы өзінің жиен немересінің бейхабар күйде өлім аузындағы анасын күтіп отырғанын мүлде білмегенін айтты. Диананың торт ұстап, көңілді жүрген бейнежазбасын бұған дейін «НеМолчи.kz» жариялаған болатын.
«Марқұмды соққыға жығып келген»
«Тас түскен жеріне ауыр»
Сот-медициналық сараптамада ми жарақаты мен бас сүйегінің сынуынан қайтыс болды делінген. Сондай-ақ, Диананың бұған дейін де соққыға жығылғаны белгілі болды. Анасыз қалған немересінің жағдайына алаңдап, қызынан айырылған ана айыпты аппеляциялық сотқа арыз беретінін айтты.
«Біз 99 баппен айыптап, оған қатаң жаза қолданғанын қаладық. Бірақ 106 баппен айыптады. Алдағы уақытта олар осы үкімге қатысты аппеляциялық шағым түсіреді. Сот әділ болып, бұл арызды қабылдамайды деп үміттенемін», — деді марқұмның анасы.
Қазақстанда соңғы кездері зорлық-зомбылыққа қатысты, соның ішінде әйелдерге қатысты қылмыстық істер көбейіп кетті. Статистикалық деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
Қорыта келе айтарымыз, бұл жиілеп кеткен қылмыстар бізге тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің маңызын көрсетеді. Жай ғана қол көтерудің өзі, тіпті жай тұрмыстағы жан-жалдың өзі қылмысқа ұласуы мүмкін. Құрбандарды қорғау үшін, кінәлілерді жазалау үшін әділ шешім қабылдануы керек. Қандай жағдай болмасын сот төрелігі әділ болып, барлық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт