Ұшақ ғимаратқа соғылды
Фото: AP Photo
Калифорнияның Фуллертон қаласында төрт адамға арналған шағын ұшақ ғимарат шатырына соғылып, өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиғадан екі адам қаза тапты, 18 адам жарақат алды, оның ішінде 10 адам ауруханаға жеткізілді.
LA Times хабарлағандай, ұшақ апаты 2 қаңтарда, жергілікті уақытпен сағат 14:00-де болды. Associated Press деректеріне сүйенсек, Van's Aircraft RV-10 маркалы бірмоторлы ұшақ ұшқаннан кейін бір минут ішінде апатқа ұшыраған. Бұл оқиға муниципалдық Фуллертон әуежайының жанында, Диснейлендтен шамамен 10 шықырым қашықтықта болды.
Алғашқы деректер бойынша 11 адам жарақат алды деп хабарланғанымен, кейіннен Фуллертон полициясының өкілі Кристи Уэллс зардап шеккендер санының 15-ке жеткенін хабарлады. Олардың тоғызы ауруханаға жатқызылды, ал қалған алтауы оқиға орнында медициналық көмек алды. Полицияның соңғы мәліметі бойынша, 18 адам зардап шекті, оның ішінде 10 адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында түсірілген бейнекөріністерден ғимараттың шатырындағы үлкен тесіктен қара түтіннің көкке көтеріліп жатқанын көруге болады. Бұл аймақтағы тұрғындар дереу эвакуацияланды.
Ұшақтың не себепті апатқа ұшырағаны әлі белгісіз. Федералдық авиациялық басқарма (FAA) оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. FlightAware ұшу деректерін бақылау қызметі бұл ұшақтың апатқа ұшырағанға дейін әуеде небәрі бір минут болғанын растады.
Фуллертон әуежайы – жалпы авиацияға арналған аймақтық әуежай, ол бір ғана ұшу-қону жолағымен және тікұшақ алаңымен жабдықталған. Оның жанында Метролинк аймақтық теміржол желісі орналасқан, ал көршілес аумақта тұрғын үйлер мен коммерциялық қоймалар бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық