«Ұрып-соғып, мұрнына сусын құйған»: әйелін қайтаруға полициядағы таныстарын жұмсаған
Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты тағы бір даулы оқиғаны қоғам талқылап жатыр. Ақтау қаласында абьюзер күйеуінен үш баласымен бірге қашқан әйел бас сауғалап жүр. Тағы бір баласы күйеуінің қолында қалыпты. Алдымен ол Астанаға, кейін Алматыға көшкен. Ресми ажырасқаннан кейін де бұрынғы күйеуі әйелге тыныштық бермеген. Оны қайтару мақсатында ер адам полицейлерді арнайы қылмыскер секілді басқа қалаға жұмсап, әйелді қайта алып кеткісі келген. Қолы «ұзын» кәсіпкердің әйелін қалай қайтаруға тырысқанын Orda.kz тілшісі анықтады. Ол оқиғаның басты кейіпкері — Арайлым Әлібаевамен кездесті.
Ақтаудан келген полицейлер және Алматы полиция бөлімшесіндегі азаптаулар
Арай Алматыдағы бір полиция бөлімшесінде өзін азаптағаны туралы БАҚ-қа жүгінді. Оның айтуынша, Ақтау қаласының тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Әнуар Сүлейменов пен аға уәкіл Қасымхан Ақораз оны заңсыз түрде оңтүстік астананың Бостандық аудандық полиция департаментінің бір бөлмесінде ұстаған. Айтуынша, оны бұрынғы күйеуі қозғаған қылмыстық іс бойынша жауап алуға әкелген. Бұрын ол күйеуінің ЖШС-да есепші болып жұмыс істеген кезде ақша ұрлады деп айыптаған. Астана қаласында шілде айында өткен жауап алу барысында әйел өз кінәсіздігін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынған.
Арайдың мүддесін қорғап жүрген адвокат Олжас Карбозин оның қамауға алынуын заңсыз деп есептейді. Оның айтуынша, тіпті клиентіне қатысты қылмыстық іс болған жағдайда да, заң бойынша жауап алу төрт сағаттан артық үзіліссіз жалғаспауы тиіс.
«Ақтау полиция қызметкерлерінде оны жауап алуға жеткізудің заңдылығын растайтын бірде-бір құжат болмады. Мүмкін, олар кейін бәрін құжат жүзінде рәсімдеп алар. Бірақ сол күні олар Арайды 11 сағат бойы суық бөлмеде ұстап, еш хабарсыз қалдырды, дәретханаға баруға тыйым салды, су да бермеді, тамақ бермек түгілі... Біз бұл әрекеттердің барлығын азаптау деп санаймыз», — деді адвокат.
Біз Алматы Полиция департаментінен түсініктеме сұрадық. Алматылық полицияның баспасөз қызметі барлық түсініктемені Ақтау қаласының полиция басқармасынан сұрауды ұсынды. Ақтауда ресми жауап дайындалып жатқанда, біз Араймен телефон арқылы сөйлесіп, онымен кездестік.
13 жыл бойы сорлаған тұрмыстағы өмір
Арайлым 18 жасында Сәкен Тоқсановқа тұрмысқа шыққан. Күйеуі одан тоғыз жас үлкен және сол кезде Арайлымға дейінгі некеден бір баласы болған. Арайдың айтуынша, олардың некесіндегі ауыр кезең — ол екінші рет жүкті болғанда, яғни отау құрғаннан кейін үшінші жылы басталған. Сол кезде үлкен жанжал туындаған. Үнемі әйелін ұрып-соғу Тоқсановтардың отбасылық өмірінің алтыншы жылында басталыпты. Ол кезде Арай күйеуінің көзіне шөп салғанын алғаш рет біліп, кететінін айтқан кез еді. Сол уақытта Арай балалары үшін күйеуіне қайтып оралған. Себебі Тоқсанов балаларды алып кетемін және олармен араласуға тыйым саламын деп қорқытқан. Ол кезде Арай заңды білмейтін, ал күйеуінің қылмыстық істерді оңай «жапқанын» көріп жүрді.
Әйелдің айтуынша, оның бұрынғы күйеуінің сөзін жерге тастамайтын құқық қорғау органдарында таныстары бар. Оның әкесі ІІМ-нің бұрынғы қызметкері, подполковник дәрежесімен зейнетке шыққан. Ал Сәкен Тоқсанов бірнеше жыл Алматы ІІМ академиясында оқыған. Алайда, оқуда жетістікке жете алмай, студент қатарынан шығып қала жаздап, уақтылы басқа оқу орнына ауысқан. Соған қарамастан, Тоқсановтың айтуынша, 2013 жылы ол Ақтау полициясында бір ай жұмыс істеген.
«Мен тіпті шен де алмадым», — деп атап өтті Тоқсанов.
13 жылдық некеде Арайлым күйеуінің зорлық-зомбылығынан көптеген жарақаттар алған. Бұл тек соққылар ғана емес — құйымшақтың сынуы, бірнеше рет ми шайқалу жағдайлары болған. Көптеген жарақаттар анықталмаған күйі қалған. Жарақаттан кейін күйеуі мен оның туыстары «отбасын ұятқа қалдырмау» үшін дәрігерлерге баруға тыйым салған. Тек ең ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырылған, ал дәрігерлерге «өзі құлады», «құбырға соғылды» деп айтқан.
Арайлымның айтуынша, әдетте күйеуі оны жұдырығымен беттен ұрғанда, ол есінен танып қалатын.
«Ол менің есімді жиғызу үшін мұрныма газировка құятын. Қатты қысымнан есімді жиямын, ал ол "өзіңді естен тандырып деп алдарқатып тұрсың ғой" дейтін», — деп еске алады Арай.
2022 жылы кезекті қатты ұрып-соғудан кейін отбасына оны алғаш рет ауруханаға жатқызуға тура келді. Тоқсанов жаңа ғана ашылған жеке клиникамен келіскен. Ол кезде ауруханада науқастар аз болғандықтан Арайлымның ауыр халінің куәгерлері де аз болған. Әйелдің айтуынша, азаптау, соққылар мен ісіктерден кейін ол бір апта бойы көзін аша алмай, қозғала алмаған. МРТ оның миы қатты шайқалғанын көрсеткен. Арай екі айға жуық ауруханада емделіп, қалпына әрең келген.
Қазіргі уақытта Арай неврологтың бақылауында тұр. Стресстік жағдайларда оның денесі құрысып, дірілдеп, беті сал болып қалады және сөйлеуге шамасы келмей қалады.
Арайдың айтуынша, отбасындағы жанжалдар әдетте күйеуі оның кезекті көңілдесінің әлеуметтік желілер арқылы әйеліне хабарлама жібергенін білгеннен кейін басталатын. Ол телефондағы хаттарды көрсетуін талап еткен, ал егер ол бас тартса, ұра бастаған. Әйел күйеуінің көзіне шөп салғанына неке жылдарының алғашқы кезеңдерінде-ақ көндіккен. Оның осы жайлы айтқаны Тоқсановты қатты ашуландыратын.
«Тоқсанов менің өзін ылғи қызғанғанымды қалап жүретін. Бірақ маған бәрібір болатын. Маған қанша қыз жазды. Сен шынымен оның әйелі емессің бе? Ол оларға өзін бойдақ, үйленбеген адам ретінде таныстырған. Барлығына өзінің қайтыс болған ағасының отбасына көмектесіп жүрмін деп өтірік айтатын, бірақ ол ата-анасының жалғыз ұлы ғой», — дейді Арай.
«Кәсіпкер»
Ақтауда Тоқсанов табысты кәсіпкер ретінде танымал. Қазір оның атына тіркелген «Тоқсанов» ЖК автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету орталығы бар. Сонымен қатар, ол әкесі негізін қалаған «Қалқан секьюрити» ЖШС-ін басқарады. Бұл күзет агенттігі өзінің ең табысты кезеңдерінде (2017–2021 жылдары) көптеген мемлекеттік және квазимемлекеттік нысандарды күзетумен айналысқан. ЖШС-тің жұмыс тізімінде Ақтау, Жаңаөзен әкімдіктерінің, «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» мұнай кен орындарының, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның және басқа да нысандар күзеті бар.
Бұл Сәкен Тоқсановтың Facebook парақшасындағы суреті.
Тоқсанов әйелін өзінің ЖШС-сына есепші ретінде тіркеген, ол кезде Арайлым жүкті болған, әрі босанғаннан кейін қомақты декреттік төлемдер алу мақсатында жасаған. Арайлымның айтуынша, ол күйеуінің күзет агенттігінде бір күн де жұмыс істемеген, ешбір құжатқа немесе шот-фактураға қол қоймаған. Компанияның бас бухгалтері оның енесі болған және барлық қаржылық мәселелерді сол басқарған.
Алайда, қазір «Қалқан секьюрити» ЖШС өз иелеріне табыс әкелмей отыр. Соңғы ірі жобалар 2021 жылы болған. Компания «Самұрық-Қазына» қорында салық борышкерлері мен адал емес қызмет көрсетушілер тізімінде тұр.
Бірақ Тоқсанов мақтан тұтатын ең табысты бизнес-жоба — Ақтауда танымал болған WOW RestoBar мейрамханасы. Алайда, бұл мейрамхананы ашқан және дамытқан Арайлым болатын, күйеуі емес. 2021 жылдың тамызында ол мейрамхананы іске қосты. Ол аз уақыт ішінде қаланың ең беделді орындарының біріне айналған. Ал күзге қарай күйеуі оны бизнестен шеттетіп, «әйел үйде отырып, үй шаруасымен айналысуы керек» деп кесіп айтқан.
Уақыт өте келе, Тоқсановтың басқаруындағы табысты бизнес шығынға ұшырап, қарыздар пайда болған. Сол кезде ол әйелін үйден шығарып, мейрамхананың табысын қалпына келтіруге мәжбүр еткен. Жұмыс жақсара бастағанда, ол тағы да әйелін жұмыстан шеттеткен. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанған.
Арайлымның айтуынша, күйеуі барлық табыстарды және өзінің еңбегімен тапқан ақшасын алып, басқарып келген. Мейрамхана әлі күнге дейін ресми түрде Арайлымның атында, бірақ шын мәнінде оны Тоқсанов басқарады. Бұрын табысты болған бизнес те күзет агенттігі сияқты қазір салық және басқа да борышкерлер тізімінде тұр. Интернетте орналастырылған ашық мәліметтерге сәйкес, Арайлым мейрамхана бизнесін жүргізу үшін ашқан ЖК-де шамамен 15 миллион теңге қарыз бар.
«Тоқсанов мені заңсыз түрде өзімнің мейрамханамнан, мен ашып, өзім басқарған жалғыз табыс көзімнен айырды. Қоқан-лоққы және күшпен ол менің бизнесімді тартып алды. Менің заңды өкілім мейрамханамның барлық есіктеріне мөр қойды, бірақ ол бәрібір менің ғимаратыма еркін кіріп-шығып жүр. Полиция ешқандай шара қолданбады», – дейді Арайлым.
Қашып құтылғаннан кейінгі жағдай
29 ақпан 2024 жылы Арай күйеуінен қашып кетті. Келесі күні ол ажырасу туралы арыз беріп, балалардың тұратын жерін анықтау туралы талап қойған.
4 наурызда оның қауіпсіздігі үшін күйеуіне Араймен хабарласуға немесе қандай да бір жолмен қоңырау шалуға тыйым салынған қорғау бұйрығы шығарылды. Қорғау бұйрығы талаптарын бұзса, заң бойынша 10 күн қамалады.
Тоқсанов қорғау бұйрығының талаптарын орындамады. Ол тек қана қашып кеткен әйелді мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мазалаумен шектелген жоқ, сонымен қатар шабуыл жасады. Ол әйелдің автокөлігін аңдып, көлікті жолдан шығарып тоқтатуға мәжбүрлеген. Әйел көліктің есігін ашудан бас тартқан кезде, ол оның терезесін бұзған. Әйтеуір, сол сәтте Арай жалғыз болмаған, жақын досы полиция шақырған.
Адвокат Олжас Карбозиннің сөзінше, «экспертизалар жүргізілді, бірақ істі тек күйеуінің бір арызы бойынша қозғады». Оның пікірінше, тергеу процессуалдық ережелер мен процедураларды бұза отырып жүргізіліп жатыр. Маусымның басында тергеуші Қошиев Арайға мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы жіберді. Сол кезде әйел Астанада тұрып жатқан және тергеушіден не себепті шақырғанын сұрады. Себебі Ақтауға қайтуға қорыққан.
Ақтау қалалық полиция басқармасы бөлек тапсырма жіберіп, Астанада Нұра ауданында әйелге астаналық тергеуші сұрақтар қойған.
«Мен құқық қорғау органдарынан жасырынбаймын, Астанада мен мәлімдеме жасап, өз кінәсіздігімді дәлелдедім, бірақ іс жабылмады. Сол негізде Ақтау полицейлері күйеуіммен бірге Алматыға келіп, мені заңсыз түрде қалаға алып кетуге тырысты, ол жерде менің қауіпсіздігім жоқ және өміріме қауіп төнеді», – дейді Арай Әлібаева
Мамыр айында Тоқсановтың қуғынынан шаршаған Арай «НеМолчи.kz» қорына көмек сұрап жүгінді. Әлеуметтік желілер арқылы әйел бүкіл елдің құқық қорғау органдарынан қорғауды сұрады. Оның өтінішінен кейін полиция басқармасы азаптаулар туралы қылмыстық іс қозғады. Бірақ тергеу ісі өте тез жабылды.
Тергеу кезінде Ақтау полиция қызметкерлері телефон арқылы өз басшыларына хабарласып, әйелді Ақтауға алып келетінін айтты.
«Қажет болса, ол билеттерді өз қаражатына сатып алуға уәде берді. Бұдан бас тартқан оны кешкі сағат сегізге дейін сонда ұстады. Осы уақыт ішінде оған үнемі қауіп төндіріп, психологиялық қысым көрсетті, әзер болса да келісімін алды. Олар балаларды күйеуіне қайтаруды талап етті», – деп қосты адвокат.
Оның айтуынша, Арай Ақтауға жолға шығуға шақ қалды. Себебі адвокат уақытында келіп жетті, ақтаулық полицейлер оны үйінен заттарымен бірге шығарып жатқан кезде:
«Арайға қарай бара жатқанда, жолда кезекші прокурорға Ақтау полиция қызметкерлерінің 10 сағаттан бері қызды заңсыз ұстап отырғандығы туралы шағымдандым. Прокурор Бостандық ауданымен байланысып, олар мұндай әйелдің бөлімшеге жеткізілгені туралы ақпараттың жоқтығын айтты. Сондай-ақ мен атаған қызметкерлер Бостандық РОВД-де жұмыс істемейтіндерін мәлімдеді. Сағат 21:20-де мен өзім ЖК-ге келдім. Бұрын Араймен таныс болмағандықтан, жолда кездескен қызды көрдім, дірілдеп, жылап тұр, ал артынан екі ірі ер адам келе жатыр. Мен оны тоқтаттым да, бұл менің клиентім екенін анықтадым. Мен 112 қызметін шақырғанымды айтып, оны пәтерге жібердім», – деді адвокат.
Адвокат Ақтау полиция қызметкерлеріне патрульдік полиция «Боран» экипажын шақырғанын хабарлады.
«Мен оларға Бостандық РОВД қызметкерлері ретінде таныстырылған себептерін сұрадым, олар бірден ақтаулықтар ретінде таныстырылғанын айтты. Мен заңсыз тұтқындау туралы арыз жазуды жоспарлап отырғанымды айттым, олар патрульдің келуін күтуді талап еттім. Бірақ олар қашып кетті», – деп атап өтті Карбозин.
Ақтау полициясы не дейді?
Ақтау қаласының полиция басқармасы Арай Әлібаеваға қатысты «сотқа тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау» фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі Арайдың бірнеше рет шақыруларды, SMS-хабарламаларды және тергеушінің хабарландыруларын елемегенін мәлімдеді. Бұл жағдай Ақтаудан Алматыға полиция қызметкерлерін жіберуге себеп болды.
«Адвокаттың қатысуымен жүргізілген сұрақтан кейін күдікті босатылды. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп атап өтті Ақтау қаласының полиция басқармасында.
Сәкен Тоқсановтың өзі не дейді?
Сакен Тоқсановқа біздің Ақтау қаласындағы тілшіміз телефон арқылы байланысқа шықты. Ер адамның айтуынша, ол үлгілі күйеу әрі мейірбан әке болған. Оның айтуынша, ол «сүйікті әйеліне» мейрамхана бизнесін ашып берген.
«Бизнес ашты, үй сатып алды, ол шалқып өмір сүрді», — деп сипаттады олардың отбасылық өмірін достары.
29 ақпанда әйелінің үйінен қашып кеткен соң, ол таныстары арқылы дрон жалдап, әйелінің машинасын қалада іздеуге кіріскен.
«Оның көлігі бір тұрғын ауданынан табылды. Маған фото жіберді. Мен оған WhatsApp арқылы жаздым: «сен аман-сау екенсің ғой. Мен тек алаңдап едім». Мен оған осылай жаздым. Машинаның фотосын жібердім, әрі ол скрин жасап, маған қарсы қорғаушы бұйрық шығарды. Бұл заңсыз еді. Менің әрекеттерімде ешқандай заң бұзу немесе қауіп төндіру болмады», — деп мәлімдеді ол.
Ер адам әйелінің оған жала жапқанына сенімді және оған ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау үшін арыз берген.
«Қазіргі таңда ол күдікті ретінде қарастырылып жатыр, себебі әкемнің компаниясында, мен директор, ол бухгалтер болғанда, ол 112 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеді. Бұл ақшаны өзінің досына аударған», — деді Арайдың бұрынғы күйеуі.
Соңында ол бұрынғы әйелін көзіне шөп салды деп айыптады.
«Оның қанша рет маған опасыздық жасағанын сұраңыз. Оның қанша ер адаммен ұсталғанын сұраңыз», — деп талап етті ер адам.
Журналист одан неге сондай әйелмен онда ажыраспағанын сұрады. Тоқсанов кешіргенін айтты:
«Ол жалынды. Содан кейін мен оған ажырас дедім. Балалар үшін мен әрдайым жақсы әке болатынымды айттым... Мен кешіре аламын, бар істегенін ұмыта аламын. Бірақ мәселе ақша ұрлауға тіреліп тұр. Ол достарымен бірге бизнесті тонады. Сондықтан мен оларды жауапкершілікке тартамын деп қорқыттым», — деді Тоқсанов.
Экс-сүйіктісінің құқық қорғау органдарында таныстары бар деген айыптауларына Тоқсанов жауап берді:
«Егер менде құқық қорғау органдарында таныстарым болса, олар қылмыстық іс ашпас еді. Маған сеніңіздер. Қазір Әлібаеваны іздеп жатыр, таба алмай жатыр. Егер мен қаласам... Егер таныстарым болса, мен оны бұрын-ақ қаматар едім. Маған сеніңіздер».
Балалар, қазір Арайдың қасында жүр. Оқу жылын 1 қыркүйекте бастамады. Себебі, Ақтаудағы мектеп құжаттарды қайтарудан бас тартып жатыр. Ата-аналары мектепке келіп, оқулықтарды алып кеткен екен. Олар қайтарылмайынша, мектеп құжаттарды бермейді. Салдарынан балалар Алматыдағы мектепке ауыспайды.
Материал дайындалып жатқан кезде, Арай Әлібаева президентке бұрынғы күйеуінің және Маңғыстау облысының құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен қорғауды сұрап бейнеүндеу жазды.
Жаңалықтар
- Ақтауда қызыл кітапқа енген фламинголар өлі табылды
- Алимент төлемеген азаматтар құмар ойынын ойнап келген
- Есірткі тасымалдаған 2 кәсіпкер әйел 10 жылға сотталды
- «16-шы жеңіс»: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичті нокаутпен сұлатты
- Астанада 37 көпқабатты тұрғын үй заңсыз салынған
- Алматыда ер адамның бөлшектенген денесі табылды
- Қарағанды облысында жоғалған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті
- Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
- Судьялардың IX съезі: Тоқаев ашық өткен Бишімбаев сотының пайдасын айтты
- «Шеге жұтқан»: Шымкенттегі сотталғандар наразылық танытып жатыр
- «Тоқаев өзі қарсы алды»: Астанада ТМД-ның арнаулы қызмет басшылары бас қосты
- Президент мопед жүргізушілеріне арналған заңға қол қойды
- Қазақстан $1,5 млрд еуробонд шығарды
- Ким Чен Ын ядролық қарумен қорқытты
- Иран Израильге жасаған шабуылынан кейін АҚШ-қа ескерту жасады
- «Қазақстанға қайтпа»: Жұрт желідегі әйелдің ұлына берген кеңесін қызу талқылап жатыр
- Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды
- Ғани Бейсембаев мектеп асханасын ұстайтын кәсіпкерлерді сынға алды
- «Астана» сербиялық «ТСЦ»-ны жеңді