ҰҚК Украинаға соғысуға кеткен қазақстандықтарды іздестіруде
Сурет: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысу үшін елден кеткен қазақстандықтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады тиісті ведомство ресми сауалға берген жауабында.
«Украинадағы соғыс қимылдары аясында халықаралық жағдайдың шиеленісуін ескере отырып, жекелеген қазақстандық азаматтардың қарулы қақтығысқа қатысу үшін шетелге кету мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. ҰҚК органдары оларды табу, олар туралы қажетті ақпаратты алу жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлады ҰҚК.
Министрлік егер азаматтар қарулы қақтығысқа қатысқаннан кейін Қазақстанға оралса, оларға қатысты тиісті жаза қолданылатынын қосты.
Атап айтқанда, Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысқаны үшін ҚР ҚК 170-бап «Шетелдік қарулы қақтығыстар» және «Жалдаману» 172 баптарына сәйкес бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық