ҰҚК Байқоңырда ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты мәлімет берді
Қазақстанның оңтүстігіндегі халқының саны 80 мыңнан аспайтын шағын Байқоңыр қаласы Қызылорда облысында да саудамен айналысқан қылмыстық топтың мекені болып шықты.
3 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ҚР Ішкі істер министрлігі ФСБ және Ресей ІІМ-мен бірлесіп Байқоңырдағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу мақсатында арнайы операция жүргізді. Қазақстан мен Ресей бірлесе жұмыс жүргізді. Бұл ретте Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар деген күдіктілер ұсталды.
Жалпы, арнайы операция аясында ұйымдасқан қылмыстық топтқа жетекшілік етті және белсенді қатысты деген күдікпен 18 адам ұсталды. Олардың үйлерінен атыс қаруы, ақша және «тергеу үшін қызығушылық тудыратын басқа да материалдар» табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, ҰҚК ұйымдасқан топтың адам ұрлау, бопсалау, қарулы тонау және ұрлық үшін жауапты екенін хабарлады.
«Ұзақ уақыт бойы қылмыстық құрамдар Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсерін тигізді, олар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда ерекше қатыгездік танытты» делінген арнайы қызмет таратқан хабарламада.
Мысал ретінде ҰҚК 2022 жылдың қыркүйегінде топ мүшелері арасындағы қарулы қақтығыс кезінде бір адам қаза тапқан оқиғаны келтіреді. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Еске салайық, қыркүйекте Байқоңырда «Арбат» және «Даманск» тобының мүшелері арасында атыс болған.
Арнайы операцияның алдында көп айлық жедел әзірлемелер, прокуратурамен келісілген жедел-іздестіру және техникалық шаралар кешені жүргізілді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы қосымша анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық