Уоррен Баффет 60 жылдан кейін Berkshire бас директоры қызметінен кетті
Фото: buffett.online
94 жастағы бизнесмен 2025 жылдың соңына қарай өз мансабын аяқтап, басқару тізгінін вице-төраға Грегу Абельге беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл қадам Berkshire үшін Баффеттің 60 жылдық басқаруынан кейін тұтас бір дәуірді аяқтайды.
«Менің ойымша, Грег жылдың соңында компанияның бас директоры болатын уақыты келді», - деді бизнесмен.
Ол әлі де болса «алыстап кетпей, кейбір жағдайда пайдалы болуы мүмкін», бірақ «соңғы сөз» Абелге тиесілі болатынын айтты. Бұл ретте Баффет холдингтегі өз үлесін сатпайды.
Миллиардер бұл қызметтен кету туралы конгломерат акционерлерінің жыл сайынғы жиналысында хабарлады. Бұл жаңалық жиналғандарды таң қалдырды. Инвесторлар арасында Баффет «Омахиден келген сиқыршы» ретінде танымал.
Уоррен Баффет 1965 жылы Berkshire Hathaway компаниясының бас директоры атанды. Содан бері ол тоқыма компаниясын әлемдегі ең ірі инвестхолдингтердің біріне айналдырды. Forbes журналы бизнесменнің байлығын 168 млрд долларға бағалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық